Массагеттен мәзір: Күзгі салат

Массагеттен мәзір: Күзгі салат
Фото: massaget.kz

Күз мезгілінде ағзамызға суық тигізбей, иммунитетімізді жақсарту үшін құрамында дәрумендері мол көкөністермен тамақтанғанымыз жөн. Бүгінгі мәзірімізде дәруменге бай әрі тойымды күзгі салаттың дайындалу жолын ұсынамыз.

Қажет азық-түліктер: 

- орамжапырақ;

- 1 сәбіз;

- көк жуа;

- ақжелкен;

- асбұршақ;

- 3 картоп;

- тұз;

- қара бұрыш;

- өсімдік майы.

 Орамжапырақты жіңішке етіп тураймыз.

 Сәбізді үккіштен өткіземіз.

 Орамжапырақ пен сәбізге аздаған тұз қосып, жақсылап араластырып, сөлінен арыламыз.

 Одан кейін көк жуаны тураймыз.

 Туралған көк жуаны салатқа қосамыз.

 Ақжелкен тураймыз.

 Ақжелкенді де салатқа қосамыз.

 Салатымызға асбұршақ қосамыз.

 3 картоп қайнатып, үккіштен ірі етіп өткіземіз.

Дайындап жатқан салатымызға картопты салып, тұз және қара бұрыш қосып, өсімдік майымен араластырамыз.

Күзгі салат дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттер сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіруге мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!

А. Жапатова