Арықтататын тауық сорпасы

Арықтататын тауық сорпасы
Фото: djurenko.com

Арықтау үшін тауығыңыз майлы болмасын. Тауықты дайындау кезінде сыртындағы терісін алып тастау керек екенін ұмытпаңыз. Көп адам тауық терісін жеуді ұнатады, бірақ ол артық салмақтан арылуға кедергі етеді.

Майын, терісін алып болған соң тураңыз. Етті жақсылап жуып, кәстрөлге салып, қайнатыңыз. Тауықты тұтастай емес, турап қайнатқан жөн. Сонда ол дәмдірек болады.

Су қайнаған соң етті сүзіп алыңыз. Диеталық сорпаға суды жаңадан құю керек. Етке қайнаған су құйып, тұздап, қайтадан қайнатыңыз.

Жарты сағаттан кейін сорпаға көкөністер қосуға болады. Картоп, сәбіз, пиязды турап, сорпаға салыңыз. Сондай-ақ сорпаға күріш қосуыңызға да болады. Ондай жағдайда картоп пен сәбізді азырақ салу керек.

Тұзды әдеттегіден азырақ қосқан жөн. Аскөк, ақжелкенді турап, дәмді етуге болады. Оардың құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер мол. 

Ф. Абилова