Студент ас үйі: Қызылша қосылған спагетти

Студент ас үйі: Қызылша қосылған спагетти
Фото: povar.ru

Италия дегенде бірден есімізге түсетін спагетти тағамын әр түрлі соуспен дайындауға болады. Қаны аз адамдар спагеттиді қызылша қосып пісіруіне болады.

Қажетті азық-түліктер:

— 200 грамм спагетти;

— 300 грамм қызылша;

— 3 тал сарымсақ;

— 2 шай қасық өсімдік майы

— тұз;

— қара бұрыш;

Сәндік үшін: сүзбе не көк шөп

Дайындау әдісі:

Қызылшаны суға қайнатып, үккіштің майда көзінен өткіземіз.

Сарымсақты жіңішкелеп турап, майға қуырамыз да, иісі сіңген соң майдан сүзіп алып тастаймыз.

Сарымсақ қуырған майға үккіштен өткен қызылшаны салып, табаның қақпағын жауып, 5 минут бұқтырамыз. Тұз бен бұрыш себеміз.

Қызылша дайын болғанша спагеттиді тұздалған суда қайнатамыз.

Спагетти қайнаған соң, қызылша соусының үстіне салып, араластырамыз. Соус тым құрғақ болса, аздап су құямыз.

Тәрелкеге салып, суреттегідей сәндеуге болады.

Асымыз дайын!

@. @assel_assanova