Италияға аспаздық саяхат

Италияға аспаздық саяхат
Фото: www.youtube.com

Италия — тамақ дайындаудан ләззат алатындар үшін таптырмас мекен. Оның көптеген тағамдары барлық елде танымалдыққа ие. Әсіресе, Италия десе бәріміздің де есімізге бірден спагетти пен пицца түседі. Оларда басқа да еттен, теңіз өнімдерінен, балықтан жасалатын күллі халыққа танымал ас түрлері жетерлік.

Спагетти

Италияның осы бір ғажайыбын күн сайын дайындап жесеңіз де жалықпайсыз. Тек соусын түрлендіріп, өзгертіп отырсаңыз болды. Мұны тіпті жеміс-жидекпен, жаңғақпен дайындап, десерт ретінде де ұсынуға жарайды.

Спагетти-болоньезе 

Ет, томат пастасы және көкөністер қосып жасалатын болоньезе соусын басқа да макарон өнімдерімен біге ұсынсаңыз болады. 

Итальялық таңғы ас

Міндетті түрде кофе мен круассан. Круассанның креммен немесе сырмен, шоколадпен дайындалған түрлері тойымды болғандықтан таңғы астан тастамайды.

Итальян балмұздағы

Итальялықтар тәттіні өте жақсы көреді. Мұз кесектері аз, мейлінше жұмсақ, аузыңа салғанда еріп тұратын балмұздақ сапасы бәрінен артық екенін әлем елдері Италиядан үйренді.

Тирамису

Бисквит, кофе, Амаретто ликёрі және маскарпоне сыры. Мұндай құрамды десерттен бас тартатын жандар ілуде біреу болса керек.

Пармезан

Сырлардың патшасы. Қатты әрі сынғыш бұл сырды жай ғана пышақпен кесу оңай емес, өзі сонысымен құнды. Итальяндық аналар балаларына тісі мен сүйегі жақсы жетілуі үшін құрамында кальций көп пармезан сырын береді.

Равиоли

Біздің қарапайым тұшпарамыздың сіңлісі. Қамыры ішіне балық, құс еті, көкөніс, тіпті жеміс салып та дайындала беретін нәзік ас.

Минестроне

Итальялық жеңіл әрі тойымды сорпа. Құрамына қанша көкөніс қосатыныңыз маңызды емес, атауы «үлкен сорпа» деген мағына береді.

Лазанья

Грек тілінен аударғанда «ыстық тілім» деген мәнге ие. Жұқа қамыр тілімдері арасына болоньез не бешамель соусын салып пісіретін ас. Үйде дайындау да оңай.

«Капрезе» салаты

Моцарелла сыры, қызанақ, базилик салат жапырағы, бальзамды сірке суы, зәйтүн майы қосылады, кешкі асқа таптырмас тұздық.

Пицца

АҚШ-та секундына 350 пицца сатылатынын ескерсек, пиццаның әлемді жаулап алған атақты ас екеніне ешкім дау айтпайды.

@. @assel_assanova