Денсаулыққа пайдалы диета - 5

Денсаулыққа пайдалы диета - 5
Фото: rudaki.ru

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

5 диета бауыр циррозы, гепатит, холецистит әбден жазылғанда, созылмалы холецистит, гепатит, өтке тас жиналу кезінде тағайындалады.

Бұл диета бауырды майланудан сақтап, оны гликогенмен қамтамасыз етеді. 5 диетаға кіретін тағамдардың құрамында ақуыз бен ағзаға тез сіңірілетін көмірқышқылдар, сұйық заттар бар. Ал холестерині мен тұзы көп тағамдарды жеуге тыйым салынады. Суық тамақтар ішпеген жөн. Барлық тамақ буға пісіріледі немесе қайнатылады.

Тамақтану тәртібі:

- көкөніс, жеміс, сүт қосылған етсіз сорпалар, қызылша сорпасы;

Негізгі тағамдар: майсыз сиыр еті, қоян мен тауық еті, түйетауық, балық. Буға піскен котлеттер жеуге болады. Арық сиыр еті асқазан, бауыр қызметіне кері әсерін тигізетіндіктен, оны көп жеудің қажеті жоқ.

Көкөністерден әзірленген гарнир: бұқтырылған, ашытылған жаңа піскен көкөністер.

Дәмтатым: көкөністерден қаймақ пен май қосылып жасалған салаттар, винегрет (пиязсыз, сірке суынсыз), кәдіштен жасалған икра.

Балық: пісірілген майшабақ, теңіз тағамдары, майсыз шұжық.

- майсыз ірімшік;

- кез келген сұт қосылған ботқа;

- макароннан әзірленген тағамдар;

- күніне шала піскен 1 жұмыртқа немесе омлет;

- жеміс-жидектер, кептірілген жемістер, компот, кисель, мусс, желе.

Тәтті тағамдар: мармелад, бал, тосап.

- тұзды ірімшік, ашыған қатық, ашыған қаймақтан өзге барлық сүтті тағам;

- сүт, қаймақ, көкөніс сорпасы қосылған тұздықтар. Ұн мен май араластырылған тұздықтарды пайдалануға болмайды;

- сүт пен кілегей қосылған шай;

- тұзсыз сары май, рафинадталған күнбағыс майы;

- 2 сорттағы нан, құрғақ бисквит.

Қандай тағамдардан бас тартамыз?

- жаңа піскен нан, қуырылған самса;

- ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;

- окрошка;

- кез келген майлы ет;

- кез келген майлы, кептірілген, тұздалған балық еті;

- тұзды ірімшік, майлы қатық, қаймақ, майлылығы 6% болатын сүт, кілегей;

- пісірілген немесе қуырылған жұмыртқа;

- қымыздық, саумалдық, шалғам, тұрып, көк пияз, сарымсақ. Бұршақты, маринадталған көкөністер.

- саңырауқұлақ;

- какао, шоколад, балмұздақ;

- қыша, бұрыш, ақжелкен.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасы,  арықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.  

Қ. Бүйенбай