Мәзір: Дімләма

Мәзір: Дімләма

Түркі халықтарының дәстүрлі тағамдарының бірі - дімләманың мәзірімен таныс болыңыздар. Бұл тағамды тұрақты қолданушымыз Жанат Ахметов әзірледі.

Құрамы:

  • Ет - 0,5-0,8 кг;
  • Пияз - 2-3 дана;
  • Сәбіз - 1-2 дана;
  • Болгар бұрышы - 2-3 дана;
  • Картоп - 5-6 дана;
  • Орамжапырақ - бірнеше жапырақ.

 

Ет маринады:

  • Кілегей - 1 ас қасық;
  • Сірке су - 3-4 тамшы;
  • Пияз - 1 дана;
  • Көк шөп (аскөк, жуа).

Етті кесек қылып турап, сарымсақ пен көк шөпті майдалаймыз. Сірке суы мен кілегейді қосып, майдаланған сарымсақ пен көк шөпті қосамыз. Етті 20-25 минутқа маринадтап қоямыз.

Қазанға май құйып, қыздырып, пиязды 4-ке бөліп салып, кейін маринадталған етімізді салып, суы шыққанша қуырамыз.

Бұрышты үлкен текшелерге тураймыз.

Сәбізді де дәл солай.

Көкөністерді қазанға саламыз. 10 минут бойы қуырамыз.

Тамағымызға 200 гр су құйып, туралған картопты саламыз.

Бетін орамжапырақтың бірнеше жапырақтарымен жауып, 10-15минут баяу отқа бұқтырамыз.

Асымыз дайын. Дәмді болсын!

Автор: Жанат Ахметов

С. А