Массагеттен мәзір: "Ірімшік қосылған баялды"

Массагеттен мәзір: "Ірімшік қосылған баялды"
Фото: massaget.kz

Баялдының көмегімен түрлі тағам дайындауға болады. Қызанақпен араластырып, майонез қосып салат дайындасақ, енді бірде ішіне фарш саламыз. Бұл жолы кезекті мәзірімізде баялды мен ірімшік дәмін үйлестіруді жөн көрдік. Етті тағамдар денсаулыққа зиян болғандықтан, олардан бас тартып, көкөністерді көбірек жегеніміз жөн. Олай болса, іске кірісейік!

Ірімшік қосылған баялдыны дайындау үшін бізге:

- 3 баялды;

- 4 қызанақ;

- 1 бас сарымсақ;

- 300 гр ірімшік;

- өсімдік майы;

- лимон;

- тұз қажет. 

1. Көкөністерді жуамыз. 

2. Баялдыны қалыңдығы 5 мм болатындай етіп кесеміз.

3. Қызанақты кесеміз. 

4. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. 

5. Сарымсақтың суын баялдыға үйкелеп жағамыз. 

6. Баялдының бетіне қызанақтарды қоямыз. 

7. Қызанақтардың бетіне ірімшік себеміз. 

8. Сарымсақты майдалап тураймыз. 

9. Қалған қызанақты тураймыз. 

10. Тураған қызанағымызды қуырамыз. 

11. Үстіне сарымсақ саламыз. 

12. Лимон шырынын қосамыз. 

13. Он минуттай бұқтырамыз. Кейін тұз қосамыз. 

14. Дайын болған тұздықты баялдының үстіне құямыз. 

15. 220 градуста қызып тұрған пеште 25 минут пісіреміз. Осымен ірімшік қосылған баялдымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай