Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Кәді (кабачок) - жаздық көкөніс

Кәді (кабачок) - жаздық көкөніс

Кәді (кабачок) - жаздық көкөніс

Биолог ғалымдардың айтуынша кәді - асқабақпен бір тұқымдас, құрамында пайдалы заттар молынан бар көкөніс. Ал аспаздар кәдіден тосап жасауға кеңес береді. Олардың айтуынша ол ананас тосабындай тәтті болып шығады екен.

Кәді расымен де асқабақтың бір түрі болып табылады. Еуропадағы оның атауы "жаздық асқабақ" екен. Ол өте пайдалы, аз калориялы көкөніс. Оның дәмі осал білінеді, сол себебті оны кез келген тамақпен бірге дайындаса болады. Кәдіні қуырсаңыз да, пісірсеңіз де, бұқтырсаңыз да болады. Оның ішін тазалап, салынды салса, грильге де қуырса дәмі керемет болып шықпақ.

Салат пен тіскебасарлар

Салат пен тіскебасарларға 7-15 см өлшеміндегі жас кәділер келеді. Сондай-ақ кәдінің ерекше түрі цукини де қолданып көріңіз. Цукини - еті жұмсақ, қабығы жұқа болатын кәді түрі. Оның жақсы жері - майда сүйектері мен жұқа терісінен тазалау қажет еместігі. Салаттарға кәдіні балғын түрде, не пісіріп, қуырып қосады. Кәдіден жасалынатын тіскебасарлар арасында басты орынды кәді құймақтары алатын болар. 

Басты тағамдар

Кәдіні кез келген сорпаға, не қою сорпаға қосса болады. Ол картоп, сәбіз, орамжапырақ сияқты дәстүрлі "сорпа" көкөністерімен жақсы үйлеседі. Диета ұстанатын жандарға кәді - таптырмас шешім. Бұндай сорпаның калориясы аз, жеңіл болмақ.

Текшелерге туралған кәді не цукиниді сұйық майда қуырып, басқа көкөністермен қосып берсе болады. Сондай-ақ ет не балыққа берілген буға пісірілген не қуырылған кәді өте орынды болады. Рататуй атты әйгілі тағамның басты құрамдас бөлігі де кәді болды. Ал кәдіден жасалынатын ең танымал тағам - салынды салынған кәділерді жасау тіпті қиынға соқпайды.

Тағы да ондаған мәзірде қолдануға болатын кәді қазірде базар мен дүкен сөрелеріне толды. Кәді маусымын қалт жібермей, одан түрлі тағамдар әзірлеп көріңіздер.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mosfoodnews.ru

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 шілде 2012, 16:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.