Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар – 2

Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар – 2
Фото: mobilmusic.ru

Арықтағысы келетін адам жаттығудан бұрын өзінің мәзірін қалыпқа келтіру керек. Ол үшін артық салмақтан құтылуға көмектесетін тағам түрлерін білуі керек.

Басы

11. Апельсин

Апельсиннің құрамында жасұнық мол болғандықтан, тез тойып қаласыз. Сол себепті, түскі ас пен кешкі ас арасында апельсин жеп алуыңызға болады. Құрамындағы эфир майлары мен флавоноидтар майларды кетіруге көмектеседі.

12. Бадам (миндаль)

Бадамның ағзада тек 40 пайызы ғана қорытылады. Құрамындағы ақуыз ғана қорытылып, майлар қалады. Бұл – жүрек жалғап алуға таптырмас тағам.

13. Ақжелкек

Қыша секілді ақжелкек те ауыр тағамды қорытуға арналған тағам.

14. Бадана (фасоль)

Бадананың құрамында ақуыз мол. Ал ағуызы мол тағам арықтағысы келетін адамға пайдалы. Бұршақты тағам денені құрғатып, майдан арылуға көмектеседі.

15. Кокос

Кокос сүтінің құрамында пайдалы микроэлементтер мол. Олар ас қорыту қызметін жақсартуға көмектеседі.

16. Ананас

Құрамындағы қалың талшықтар тәбетті тыйып, тез тойдырады. Асқазан сөлінің белсенділігін арттырады. Бұл "арықтаушыларға" арналған тамаша десерт.

17. Папайя

Бұл жеміс липидтерді таратуға көмектеседі. Папайяны ыстық тамақтан кейін де, дейін де жеуге болады.

18. Қызыл шарап

Қызыл шараптың құрамында майдың жиналуына жол бермейтін ресвератрол атты белсенді фермент бар.

19. Алма мен алмұрт

Алма мен алмұрт ішекті тазартады. Құрамында жасұнық мол болғандықтан, тез тоюға көмектеседі. Әрі алма мен алмұрттың құрамында калорий аз.

20. Сұлы ботқасы

Сұлы артық салмақтан арылып, тері астындағы майлардан құтылуға көмектеседі. Сұлы ботқасы асқазан мен ішекке пайдалы.

Ф. Абилова