Сушидің пайдасы

Сушидің пайдасы
Фото: foodinhome.ru

Суши мен роллдар – күріш, күріш сіркесуы, шикі балық, васаби, нори (теңіз балдыры), жанжабіл мен соя соусынан жасалатын ерекше тағам. Оның пайдасы бар ма?

Ең алдымен сушидің құрамындағы теңіз өнімдері термиялық өңдеуден өтпейтіндіктен, құрамындағы дәрумен, минерал мен басқа да пайдалы заттардың бәрін сақтап қалады.

Норидің құрамында кальций, темір мен йод молынан бар. Васабидің құрамында антиоксиданттар мен С дәрумені көп болғандықтан, тіс пен қызыл иекті ауру мен шіруден қорғайды. Ал жанжабіл ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді.

Суши мен роллдардың құрамында калорий саны аз болғанына қарамастан, өте тойымды болып келеді. Сол себепті кейбір диеталардың ережесі бойынша, аптаның бір күні тек суши мен ролл жеу керек.

Мұншалықты пайдасына қарамастан, сушидің зияны да жоқ емес. Аллергиясы бар адамдар үшін қызыл балық зиянды болуы мүмкін. Асқазан ауруына (гастрит) шалдыққан немесе асқазанда жарасы бар адамдарға да суши, роллды жемеген дұрыс.

Көптеген мейрамханада суши мен роллдарды дайындап білмейді. Нағыз сушиді жасау өте қиын. Жапонияда суши жасауда тек жаңа балықты пайдаланса, біздің аспазшылар бірнеше сағат, күн бойы жатқан балықты пайдалана береді. Ал бұл ағзаға зиян.

Сонымен қатар тағамды жемес бұрын оны иіскеп көріңіз. Егер сушидің иісі мүсәтір спиртіне ұқсас болса, жеуден бас тартқаныңыз абзал.

Ал сіз суши жақсы көресіз бе?

Ф. Абилова