Тәтті шербет дайындап үйренейік

Тәтті шербет дайындап үйренейік
Фото: domohozyaika.in.ua

Шербетті ұнатпайтын адам кемде кем шығар. Сол себепті ара-арасында арахиспен шербет дайындап тұруға болады.

Ол үшін бізге:

- 1 стақан арахис;
- 1 стақан сүт;
- 3,5 стақан қант;
- 80 гр сары май керек болады.

Тойымды десерт дайындау үшін сүттің мейлінше майлырақ болғаны абзал. Ыдысқа сүт құйып, 3 стақан қант (0,5 бөлігін кейінге қалдырамыз) қосамыз. Үздіксіз араластырып тұрып, сүтті ақырын отқа қойып, 30 минуттай қайнатамыз.

Арахисті бөлек табаға сарғайғанынша қуырып аламыз.

Қалған 0,5 стақан қантты құрғақ табаға сеуіп, карамель жасаймыз. Оны сүт-қантты сиропқа қосамыз. Піскенінше қайнатамыз. Шербет шамамен 1 сағаттан кейін дайын болуы керек. Сары майды қосыңыз.

Шербет құятын пішіннің түбіне пісіруге арналған қағаз жайып, жаңғақ себеміз. Үстінен шербетті құйып, салқын жерге қоямыз. Шербет әбден суыған соң шайға қосып, дастарқанға қоя беруіңізге болады.

Ұқсас жазбалар:

Ас үй ханшайымдарына кеңес #8

Тез әрі оңай жасалатын түскі ас

Ф. Абилова