Массагеттен мәзір: "Түрікше мәнті"

Массагеттен мәзір: "Түрікше мәнті"
Фото: massaget.kz

Мәнті — шығыс елдері әртүрлі фарштан дайындайтын тағам. Көбінесе қой еті мен асқабақтан дайындалады. Біздер оны күнделікті тұрмыста әзірлейміз. Кезекті мәзірімізде оның түрікше түрін ұсынамыз. Бұл мәнтілер сырт пішінімен және құрамындағы фаршымен ерекшеленеді.  

Бізге қажет азық-түліктер:

- 300 грамм ұн;
- 2 жұмыртқа;
- 400 грамм ет;
- 1 буда жусай;
- тұз;
- қара бұрыш;
- қызыл бұрыш;
- көк бұрыш;
- сары май;
- 1 шәй қасық томат пастасы.

1. Ұнның үстіне жұмыртқаны жарып саламыз. 

2. Тұз қосылған су қосып илейміз. 

3. Артынша қамырдың бетін жауып қоямыз. 

4. Етті тураймыз. 

5. Жусайды тураймыз. 

6. Етті еттартқыштан өткіземіз. 

7. Жусайды қосамыз. 

8. Мөлшерлеп тұз қосамыз. 

9. Қалауымызша бұрыш себеміз.

10. Дайын болған фаршты қуырамыз. 

11. Қызыл бұрышты майдалап кесеміз. 

12. Жасыл бұрышты дәл қызыл бұрыш секілді кесеміз. 

13. Қамырымыз тынған соң илеп, ішіне фарш саламыз. 

14. Кішкене мәнтілерді қайнап жатқан суға саламыз. 

15. Сары майды табаға салып ерітеміз. 

16. Мәнтілерді 5 минут қайнатқан соң, сары майға қуырамыз. 

17. Қызыл және жасыл бұрышты бөлек қуырамыз. 

18. Бұрыштың үстіне аз томат пастасын саламыз. 

19. Мәнтілерді тәрелкеге салып, бетіне бұрышты саламыз. Осымен тамағымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай