Киви жемісінің пайдасы бар ма?

Киви жемісінің пайдасы бар ма?
Фото: facebook.com

Біз кивиді жеміс деп атаймыз. Негізінде бұл азық жеміс емес, жидектер қатарына жатады екен. Оны жаңазеландықтар АҚШ-қа тасымалдауды бастағанда оның бастапқы «қытайлық қарлыған» деген атауын өзгертіп, «kiwifruit» деп атады. Бастапқы атауын өзгерту себебі — сол кездегі салқын қытай соғысы мен жидектерге деген қымбат ақы.

Кивиді қабығымен жеп көргендер бар ма? Негізінде, кивиді қабығымен жеуге болады екен. Әсіресе испандық селекционерлер шығарған «кивиньо» сортын. Кивиньоның қабығы жұмсақ келеді.

Кивидің қабығыың құрамында антиоксиданттар мол. Ол асқазандағы зиянды бактерийлердің көбеймеуін қадағалап, зарарсыздандыратын қасиеті бар.

Алайда кивиді қабығымен жеу алдында жақсылап жуу керектігін ұмытпаңыз. Сонымен қатар киви қабығы аса сезімтал тілді ауыртып, уылдатып жіберуі мүмкін.

Дәрігерлер кивиді 5 жастан кіші балаларға бермеуге кеңес береді. Зерттеу нәтижелері бойынша балаларда жұтқыншақ, көмей дерматозы, тілдің ісуі туындауы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық әсер беруі де ықтимал.

Кивидің емдік қасиеті бар ма?

Нәзік жандылар үшін кивидік емдік қасиеті бар. Ол шаштың ерте ағаруынан сақтап, ағзадағы артық салмақтан арылуға көмектеседі. Қыжылдан құтылу үшін де бір кивиді жеу жеткілікті.

Ересек адамдарға кивиді қан қысымын және ағзадағы холестерин көлемін азайту үшін жеуге болады. Сондай-ақ кивидің құрамында иммунитетті нығайтып, ағзаны жасартатын С дәрумені баршылық. С дәрумені ағзаға зиянды нитрат, нитриттардың енбеуін де қадағалайды. Сонымен қатар кивидің құрамында қан ауруларын емдейтін темір молынан бар.

Бет терісінің сымбаттылығын сақтау үшін де кивині пайдаланып, маскалар жасауға болады.

Ұқсас жазбалар:

Түскі асқа қандай тағам жеу керек?

Үй жағдайында шырын жасап үйренейік

Ф. Абилова