Массагеттен мәзір: "Жалқау әйел"

Массагеттен мәзір: "Жалқау әйел"

Күнде жұмыстан немесе оқудан қайтып бара жатқан кезімізде кешкі асқа не дайындайтындығымыз туралы ойланып барамыз. Бір шетінен отбасымызды дәмді аспен қуантқымыз келсе, екінші жағынан тынымсыз жүре беруден шаршайтынымыз бар. Ал сүйген жандарымыз бізден ерекше мәзір күтеді. Сол себепті назарларыңызға жылдам әрі қарапайым азық-түліктерден жасалатын "Жалқау әйел" атты тағамды ұсынуды жөн көрдім. 

Қажет азық-түліктер:

- 800 грамм тұшпара;
- 2-3 пияз;
- 100 грамм ірімшік;
- 4 жұмыртқа;
- 250 грамм майонез немесе қаймақ;
- 1-2 шай қасық тұз;
- 1 шымшым қара бұрыш;
- көк шөп (қалауымызша).

1. Пиязды тураймыз. 

2. Оны майда қызарғанша қуырамыз. 

3. Ірімшіктің 1/3 бөлігін төртбұрыштап тураймыз. 

4. Қалған ірімшікті үккіштен өткіземіз. 

5. Жұмыртқаларды ыдысқа салып, бетіне тұз бен бұрыш  себеміз. 

6. Майонез немесе қаймақ қосамыз.

7. Төртбұрыштап тураған ірімшікті қосып, жақсылап араластырамыз. 

8. Тұшпараны пешке салатын ыдыстың ішіне саламыз. 

9. Артынша бетіне қуырған пиязымызды саламыз. 

10. Жоғарыда дайындаған қоспамызды бетіне құямыз. 

11. Ең соңында бетін ірімшікпен көмкереміз. 

12. 200-220 градустағы пеште 40 минут пісіреміз. "Жалқау әйел" тағамы дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай