Массагеттен мәзір: "Грузинше дайындалған кәді"

Массагеттен мәзір: "Грузинше дайындалған кәді"

Грузин асханасында кәдіден көп тағам жасалады. Аталған тағам түрлерін санап болу мүмкін емес шығар. Кезекті мәзірімізде аз уақыт ішінде қарапайым азық-түліктерден жасалатын тағамды ұсынамыз. Оны дайындау арқылы уақытыңызды да, ақшаңызды да үнемдейсіз.

Қажет азық-түліктер тізімі:

- тұз;
- 4 тіс сарымсақ;
- 2 шай қасық сірке суы;
- күнзе;
- өсімдік майы;
- қызыл немесе жасыл болгар бұрышы;
- 1 пияз;
- 1 келі кәді.

1. Пиязды турап, қуырамыз.

2. Болгар бұрышын турап, пиязбен бірге қуырамыз.

3. Көкөністер қуырылған соң, отты өшіреміз. Артынша бетіне күнзе саламыз.

4. Сарымсақты майдалап турап қосамыз. Сірке суын қосып араластырамыз. Қалауымызша тұз қосамыз.

5. Кәдіні қуырамыз. 

6. Дайын болған кәділерді табаққа тіземіз. 

7. Кәді барынша жұқа болғаны жөн. 

8. Әр кәдінің бетіне сәйін саламыз. 

9. Артынша тағы бір қабат кәдіні тіземіз. 

10. Екінші қабаттың үстіне де сәй саламыз. 

11. Осымен мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай