Үй жағдайында шырын жасап үйренейік

Үй жағдайында шырын жасап үйренейік

Қазіргі күні үйде отырып-ақ шырын жасауға болады. Блендер, жеміс-жидек пен рецептіңіз болса, денсаулыққа пайдалы әрі дәмді фреш жасай аласыз.

Дүкенде сатылатын шырындардың құрамына күмәнданатын болсаңыз, жеміс-жидек сатып алып, өз қолыңыздан шырын жасап көріңіз. Ол үшін:

1. Апельсин, грейпфрут пен лимон қоспасы ауыр күннен соң күш беретін тамаша шырын болады.

2. Сәбіз, жанжабіл, алма қоспасы иммунитетті қалыпқа келтіреді.

3. Грейпфрут пен алма шырыны артық салмақтан арылуға көмектеседі.

4. Апельсин, жанжабіл мен қиярдан жасалған шырын бет терісінің түсін жақсартып, ылғалдандырып, температураны түсіреді.

5. Сәбіз, алма, алмұрт, манго қоспасы токсиндермен күресті нығайтып, қан қысымын төмендетіп, ағзадағы қышқыл құрамының көбейіп кетпеуін қадағалайды.

6. Алма, қияр мен балдыркөктен жасалған шырын холестерин құрамын азайтып, асқазан бұзылуы мен бас ауруын емдейді.

Қолыңыз босағанда осы шырындардың бірін жасап, көңіл-күйіңізді көтеріп, денсаулығыңызды мықты етіңіз.

Сурет: mota.ru

Ұқсас жазбалар:

Ең ерекше таңғы ас

Кексті стақанда жасаудың жолдары #2

Ұйқы ашатын коктейль

Таңғы ас – тәңірден

Ф. Абилова