Қалалық СЭС ерте шыққан қауын-қарбыздарды жемеуге шақырды

Қалалық СЭС ерте шыққан қауын-қарбыздарды жемеуге шақырды

Алматы қаласы СЭС-інің мамандары сауда орындарында пайда болып жатқан қауын-қарбыздарды сатып алмауға шақырды. Азық-түлік орындарының санитарлық-гигиеналық халін бақылау бөлімінің басшысы Айман Имантаева осы туралы ашық әңгімелеп берді.

Маманның айтуынша, мұндай жемістердің маусымы шілде айының соңы мен тамыз айының басында кіреді. Осы орайда аудандық бөлімдерге сатылып жатқан жемістерге санитарлық-гигиеналық анализ жасау тапсырылыпты. Зерттеудің нәтижесі алдымыздағы аптада белгілі болмақ.

па

Ерте шыққан жемістердің дәмін татудан бас тартқысы келмейтін тұрғындарға тура сауда орындарында қауын-қарбыздардың дәмін татпағандығы жөн болатындығы да айтылды. Пайдаланылатын пышақтың ластығы мен жемісте нитраттардың болу ықтималдылығының жоғары екендігін былай қойған күннің өзінде, базар ішінде өріп жүрген бактериялардың көптігі адам бойына дерт жамамай қоймайды. 

Дегенмен осы уақытқа дейін қауын мен қарбыздан уланған адам тіркелмегендігін айтты станция мамандары.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: novation24.ru, forum.turizm.ru