Әйел адамға пайдалы тағамдар

Әйел адамға пайдалы тағамдар

Көптеген сырқат, аурудың алдын алатын әдістің бірі – дұрыс тамақтану. Бостон мамандарының зерттеу нәтижесі бойынша, әйел адамдарға пайдалы тағамдардың тізімі құрылды.

Қызанақ. Әйел адамдар міндетті түрде қызанақ жеуі керек. Оның құрамында жүрек ауруы, кеуде ісігінің алдын алатын ликопин бар.

Зығыр майы. Оның құрамында жасұнұқтың құрамына кіретін майлы омега-3 қышқылы көп. Қан құрамындағы холестерин қалыпты болуы үшін күніне 2 ас қасық ішу керек.

Орамжапырақ. Ол иммунитетті нығайтып, сүйекті мықты етуге көмектеседі. Қызыл балық пен лосось балығында күйзеліспен күресуге көмекші майлы қышқылдар көп. Күніне 30 грамм грек жаңғағын жеп, сүйектеріңізді мықты ете аласыз. Ал йогурт асқазан мен ішекті қалыпқа келтіреді.

Ашытқан қырыққабат. Бұл әйел ағзасы үшін ең пайдалы тағам. Ол ас қорыту жүйесін қалыпты ұстайды.

Одан кейінгі пайдалы тағамның бірі – авокадо. Оның құрамында шаш пен бет терісіне пайдалы дәрумендер бар. Ал құрамындағы заттар қандағы қажет емес холестериннен арылуға көмектеседі.

Киви. Кивидің көмегімен бетіңіз жас әрі жұмсақ қалпын ұзақ уақытқа сақтайды.

Сыр мен қозықұйрық та (шампиньон) әйел адамның ағзасына өте пайдалы.

Нәзік жандылардың ағзасына зиян тағамдар туралы да бір-екі ауыз айта кетсек. Италиядағы Ұлттық онкологиялық институт ғалымдарының пайымдауынша, көмірсуға бай тағамдар сіздің ағзаңызға өте зиян. Ондай тағамнан кейін ағзамыздағы глюкоза жоғарылап, жүрек ауруына алып келуі мүмкін. Ондай тағамдарға: қант, ақ күріш, ақ нан, сұлы қауызы жатады.

Сурет: plus.google.com

Оқи отырыңыз:

Ағзаны тазарту теріңізді жасартады

Ішек тазалаудың әдістері

Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...

Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?

Сұлу болудың бір сыры

Ф. Абилова