Кексті стақанда жасаудың жолдары #2

Кексті стақанда жасаудың жолдары #2

Кекстің түрлі-түрлісін стақанда жасаудың жолдарын назарыңызға ұсынамыз:

1. Сәбіз кексі

Кексті дайындау үшін:

6 ас қасық ұн;
2 ас қасық қант;
¼ шай қасық қопсытқыш;
¼ шай қасық тұз;
1/8 шай қасық корица;
1/8 шай қасық жұпар жаңғағы;
5 ас қасық сүт;
½ ас қасық лимон шырыны;
2 ас қасық өсімдік не зәйтүн майы;
¼ шай қасық ванилин;
3 ас қасық үгітілген сәбіз;
1 ас қасық ұнтақталған жаңғақ;
1 ас қасық ұнтақталған мейіз керек.

Жасалу жолы:

Сүт пен лимон шырынын араластырып, 10 минутқа тұндырып қоямыз. Орташа табаққа ұн, қант, қопсытқыш, тұз бен корицаны салып, шаңышқымен араластырамыз. Басқа табаққа сүт пен лимон тұнбасын, май, ванилин мен үгілген сәбізді салып, қасықпен араластырамыз. Содан соң екі қоспаны жақсылап араластырамыз. Ұнтақталған жаңғақтар мен мейізді қосамыз. Қоспаны стақанға 2:3 қатынасында құйып, 2 не 1,5 минутқа қоямыз. Бұл уақыт аралығында піспесе, 30 секундқа тағы қоямыз.

Дастарханға қояр алдында кекске шоколад сиробы не бал құйып қоюға болады.

2. Какао мен жержаңғақ кексі.

Бұл кексті дайындау үшін:

3 ас қасық ұн;
2 ас қасық қант;
1,5 шай қасық какао;
¼ шай қасық қопсытқыш;
Бір шымшым тұз;
3 ас қасық сүт;
1,5 ас қасық өсімдік майы;
1 ас қасық жержаңғақ майы керек.

Жасалу жолы:

Үлкен стақанға ұн, қант, какао үгіндісін, қопсытқыш пен тұзды салып, шаңышқымен араластырамыз. Оған сүт, өсімдік және жержаңғақ майын қосып, бір тұтас қоспа болғанға дейін араластырамыз. Стақанды қысқа толқынды пешке 70 секундқа қоямыз. Қамыр көтеріліп, басылады. Бұл қалыпты жағдай. Жылы күйінде дастарханға қоямыз.

3. Апельсин мен шоколад кексі.

Кексті дайындау үшін:

8 ас қасық сары май;
1 стақан қант ұнтағы;
1 шай қасық апельсин эссенциясы;
¼ стақан апельсин шырыны;
2 стақан ұн;
½ стақан какао үгіндісі;
2 жұмыртқа;
1 стақан қант ұнтағы;
½ стақан апельсин шырыны керек.

Жасалу жолы:

Үлкендеу табаққа 6 ас қасық сары май мен 1 стақан қант ұнтағын салып, араластырамыз. Апельсин эссенциясын, шырыны мен жұмыртқаны қосып, көпіршітеміз. Қоспаға ұн, какао қосып, біртұтас қоспа болғанға дейін араластырамыз. Стақандарға май жағып, 2:3 қатынасында қамыр құйып, қысқа толқынды пешке 2 минутқа қоямыз. Стақандарды теріс айналдырып, абайлап кексті түсіреміз. Бұл қамыр шамамен 4 порцияға жеткілікті болады.

Сурет: blogspot.com

Оқи отырыңыз:

Кекс жасаудың жеңіл жолы

Ұйқы ашатын коктейль

Таңғы ас – тәңірден

Кешкі ас үшін жеңіл салат дайындап үйренейік

Ф. Абилова