Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Сушидің пайдасы

Сушидің пайдасы

Сушидің пайдасы

Қазірде суши атты жапондық тағам кең танымалдыққа ие бола бастады. Экзотикалық тағамға негізделген диета ұстанушы қатарлары да көбейді. Себебі суши - дәмді, пайдалы, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен тағам түрі.

Диетолог мамандардың айтуы бойынша, суши пайдалы ғана емес, сонымен қатар үйлестірілген тағам түріне жатады. Яғни оның құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер мен минералдар топтамасы бар. Сушиды шикі балықтан әзірлеп, ішіндегі пайдалы заттарын жоғалтпайды.

Тойымды сушидың құрамында калорий мөлшері өте аз болады. Бір суши құрамында (50 г) 62-90 калория бар болады. Мысалға, шоколадтың бір тілімінде (10 г) 78 калория бар екен. Әрине шоколадпен салыстырғанда, суши құрамында 5 есе көп денсаулыққа пайдалы дәрумендер мен минералдар бар.

Суши ұлттық дастарханында кездесетін жапондықтардың өмір жасы ер кісілерде - 79, әйелдерде - 86 жыл. Осыған қарағанда ұзақ жасаудың бір себебі дұрыс тамақтану болар. Жапондықтар тек суши емес, теңіз өнімдері, балық пен күріштен әзірленген басқа да тағамдарды сүйсініп жейді.

Ғалымдардың айтуынша, сушиді сүйіп жейтін адамдардың ми жұмысы жақсы болып, асқорыту жүйесі мен жалпы иммунитеттері мықты болады.

Ал соңғы жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, суши стрестерге төтеп бере алады екен. Статистика бойынша, кішкентайынан теңіз өнімдерін жейтін жапондықтар басқаларға қарағанда 3 есе кем депрессияға шалдығады-мыс.

Теңіз өнімдері қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек ауруларынан сақтайды. Сондай-ақ диета атаулысын білмейтін жапондық қыздар қашанда артық салмақтан қиналған емес.

Еш температуралық өңдеуден өтпейтін теңіз өнімдері құрамында пайдалы тұздар, аминқышқылдар, дәрумендер мен минералдар сақталады. Құрамында сондай-ақ А, В тобының дәрумендері, магний, калий, кальций болады. 

Суши диетасын ұстанған адам аштық жариялауды қажет етпейді. Диеталардың көпшілігі ұсынатын сізге ұнамайтын, дәмсіз тағамдарды жеуді қажет етпейді.

Теңіз өнімдерінен жасалынған тағамдарды рационыңызға тұрақты қонақ қылсаңыз, артық салмақ тастап, денсаулығыңызды жақсарта аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: goodfoodca.blogspot.com, sushilivre.com

2556 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 шілде 2012, 17:25
Пікірлер
+0
10 шілде 2012, 16:13

осыншама пайдасы бар деп ойламаппын! :o

+0
10 шілде 2012, 16:14

жақсы көремін. бірақ екі талдан артық жей алмаймын :)

+0
10 шілде 2012, 16:19

Мен сүйіп жеймін))

+0
10 шілде 2012, 16:40

бір талдан артық жей алмаймын. Жапон болып кетем бе деп қорқамын

+0
10 шілде 2012, 16:45

Осы суши жегеннен Жапонияда бір адамның миында құрт пайда болыпты. Соны естігеннен бері суши десе денем түршігеді.

+0
10 шілде 2012, 17:01

Иә болған ондай, не айтқанмен шикі ғой

+0
10 шілде 2012, 19:09

суши менің сүйікті тағамым :!: әсіресе өзім дайындап жегенді ұнатам :mrgreen:

+0
11 шілде 2012, 11:31

Татпағалы көп болды

+0
11 шілде 2012, 17:12

Мен де жақсы көремін сушиді. Бірақ құрт мәселесін естігелі бері қорқып жейтін болдым. Бас тарта алмай жүргенде пайдасын біліп жақсы болып қалдым ғой)))

+0
13 шілде 2012, 10:37

жегім келіп кетті ғой, пәлі!!! :roll:

+0
05 сәуір 2013, 16:13

жақсы көрем, қайтпай жеймін, құрт туралы естімеппін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...