Кәуапқа арналған ең дәмді маринадтар

Кәуапқа арналған ең дәмді маринадтар

Кәуапқа арналған ең дәмді маринадтардың жасалу жолын ұсынамыз:

1. Қой етіне арналған дәмді маринад

1 пияз бен сарымсақтың 2-3 тілімін ұсақтап кесіп, ұнтақталған қызыл бұрыш пен тұзды қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны етке сеуіп, араластырып, 4-6 сағатқа салқындау жерге қоямыз. Бұл ингредиенттер мөлшері 500 грамм етке арналған.

2. Тауыққа арналған маринад

Тауықтың жон етін кесіп, жарты лимон шырынын, 3 ас қасық зәйтүн майын, жарты шай қасық сарымсақ ұнтағын, құрғақ итальян шөптерін, тұз бен кез келген ұнтақталған бұрышты қосып, араластырыңыз. Жарты сағатқа қалдырыңыз. Бұл ингредиенттер мөлшері 500 грамм етке арналған.

3. Сиыр етіне арналған маринад

50 мл зәйтүн майы мен 200 мл құрғақ шарапты құйып, 1 гүлшетен, жебіршөп, чили бұрышын араластырыңыз. Бұл қоспаны етке құйып, жылы жерге 30 минутқа қалдырыңыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Сурет: supersadovod.ru

Оқи отырыңыз:

Тағам дәмді болсын десеңіз...

Бауырсақ пісірудің оңай жолы

Торттың дәмін келтіру үшін...

Ф. Абилова