Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Біржолғы ыдыс: пайдасы мен зияны

Біржолғы ыдыс: пайдасы мен зияны

Біржолғы ыдыс: пайдасы мен зияны

Жыл сайын көлемі мен тереңдігі әр түрлі, қызылды-жасылды пластик стақандар, тәрелкелер, қасықтар мен шанышқылар тонналап өндіріледі. Қазір басқосу кештері, жұмыс кеңсесіндегі атаулы күндерді тойлау, қызмет бабындағы кофе-брейктер, сонымен қатар табиғат аясына серуендеуге шыққан адам міндетті түрде біржолғы ыдыстарды пайдаланады. Бұл ыдыстардың басты артықшылығы: уақыт пен қалтаны үнемдейді, пайдалануға жеңіл. Ал зиянды тұстары екі есе көп. 

Бір рет пайдаланғаннан кейін, пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды, сондықтан қоқысқа тастауға тура келеді. Ал өте көп мөлшерде тасталған ыдыстар қаланы түгел қоқыс аумағына айналдырып жіберуі мүмкін. Адамның денсаулығына әкелетін зияны ұшан-теңіз. Бірақ, өндірушілер оны жоққа шығарады.


Пластмасса ыдыстар неден жасалады?

Бір рет қолдануға жарамды ыдыстардың құрамында полистирол, полипропилен, поливинилхлорид сияқты улы химиялық қышқылдар бар.


Полистирол

Бұл химиялық элементтен жасалған ыдыстар көбінесе ақ түсті болады. Ыдыста оның PS деген мөрі де көрсетіледі. Мұндай ыдыстар тек суық азық-түлікке арналған. Егер оған ыстық шәй құйылса, ыдыстан стирол сұйықтығы бөлініп шығады. Сондай-ақ, микротолқынды пешке салынған полистирол ыдысы да көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады. Бұл химиялық қоспалардан тұратын ыдысты жиі пайдаланған адам бауыр мен бүйрек ауруларына шалдығады.

Полипропилен 

Мұндай ыдыстардың табанында РР деген мөртаңбасы болады. Көлемі кішкентай болғанымен, ыстық тағамдарға арналған. Автоматты түрде кофе әзірлейтін автоматтар кофе мен шәйді осы ыдысқа құяды. Сондықтан, +150С температурада ол өз қалпын сақтап тұрады. Дегенмен, полипропилен ыдысына спирт ішімдіктерін құю өте қауіпті. Бұл кезде формольдегид пен фенол көп мөлшерде бөлініп шығып, адам ағзасын улайды. Сондай-ақ, біржолғы  ыдыстың бұл түрінде майлы тағамдарды сақтауға да болмайды.

Поливинилхлорид 

Сарапшылар мұны пластмасса ыдыстардың ішіндегі ең қауіпті екенін дәлелдеді. Мөрбелгісі — PVC (ПВХ). Әдемі безендірілген, поливинилхлоридтен жасалған контейнер ыдыстар тағамды өзіңмен бірге алып жүруге өте қолайлы. Бірақ, ыдыс құрамындағы винилхлорид  деп аталатын канцерогенді химиялық зат асқа түсіп, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеп соқтырады. Мейлінше бұл ыдыстан бас тартып, PS немесе PP деген таңбалар басылған ыдыстарды пайдаланған жөн.


Химия өнеркәсібінде формальдегид қарамайының алуан түрлі элементтерін алу үшін меламинді пайдаланады. Меламин қышқылы улылығы бойынша химиялық элементтер арасында ең қауіптісі. Оның құрамында өте көп мөлшерде формальдегид пен улы заттар бар. Меламиннен жасалған ыдыстар қыш ыдысқа ұқсас келеді. Бірақ, қыш ыдысқа қарағанда әлдеқайда жеңіл, әрі бекем. Меламин ыдысқа ыстық тағам салынса, ол бірден улы формальдегид қышқылын бөліп шығарады. Ал ыдыс әр түрлі бояулармен боялған болса, қорғасын мөлшері де арта түседі. Нәтижесінде бір ыдыстың құрамындағы бірнеше улы заттар адам ағзасына түседі. Нәтижесінде, соңы өлімге әкеп соқтыратын қатерлі ісік ауруларының көбеюі ықтимал.

 

Полипропилен, поливинхлорид, полистирол ыдыстарын айыру белгілері

Поливинхлорид ыдысына салмағы ауыр қатты затты қойғанда, ыдыс үстінде бірден іздер пайда болады. Ал басқа ыдыстарда із қалмайды. Полистирол ыдысы деформация кезінде қатты дыбыс шығарып, сынып кетеді. Полипропилен ыдыс деформацияланғанда майысып, қайта орнына келеді.

 

Дұрыс таңдау — қағаз ыдыс

Қағаз ыдыстар табиғи заттардан жасалады. Пайдаланып болғаннан кейін, оңай көзін жоюға болады. Қағаз ыдыс, сондай-ақ ас температурасын ұзақ уақыт сақтап тұрады, қызу өткізгіштік қабілеті де баяу жүреді, сондықтан, ыдысты ұстаған қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырылғанда да, улы заттарды шығармайды.


Қағаз стақандар өте жұқа қатырма қағаздан жасалады. Ал қағаздың ағаштан жасалатыны белгілі. Стақанның бір жағы ламинатталады. Технология жетістіктері арқасында стақандарға желім қолданылмайды. Пластмасса ыдыстармен салыстырғанда, қағаз ыдыстары сапалы, зиянсыз, әрі ыңғайлы.

 

Біржолғы ыдыстарды пайдалану ережелері

Аты айтып тұрғандай, бұл ыдыстарды тек бір рет пайдалану керек. Бірнеше қайтара жуғанмен де, ол түбегейлі тазармайды. Есесіне, құрамынан улы заттарды бөліп шығарады. Пластикалық ыдыстарды нақты белгілеріне сүйеніп пайдаланса, зияны азая түспек. Дүкендердегі йогурт ыдыстары сүт қышқылымен реакцияға түспейді. Сондықтан, олар зиянсыз болып саналады. Бірақ, бұл ыдыстарға басқа сұйықтықтарды құю қауіпті. Біржолғы стақандарға газды су, қышқыл шырын, ыстық шәй құйылса, ол қауіпті ыдысқа айналады. Ыдыстың зияны адамның сезу мүшелеріне білінбегенімен, ішкі мүшелерінің қызметін бірте-бірте әлсіретеді.

Пластикалық ыдыстарда тағамды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Микротолқынды пеште қыздыру тіпті қауіпті. Пластикалық ыдыстар мұздатқышқа төзімді, ол тағамның құндылығын сақтай алады.

Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған біржолғы ыдыстарды ұқыпты қолданыңыз.

Суреттер analogm.ru, odnorazovaya-posuda.ru, dionis.ck.ua, aif.ru сайттарынан алынған

4654 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 желтоқсан 2011, 09:25
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2011, 14:04

Түскі асымызды салып әкелетін ыдыстың зияны туралы оқып, енді қазанымен әкелемін-ау деп ойлап отырмын...:-)

+0
26 желтоқсан 2011, 14:29

Банкімен, Айнөкөн, банкімен әкелу керек енді)

+0
26 желтоқсан 2011, 15:54

Банкі сынып кетсе ше...:) Дұрысы асханадан сатып алу:)

+0
26 желтоқсан 2011, 17:16

Ақша үнемдеу керек.) Банкіні орамалға орап алып келсең, сынбайды.

+0
09 қаңтар 2012, 14:18

еее де осындайы бар дейсің

+0
06 наурыз 2012, 16:59

окымай-ак коюым керек еди))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...