Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Сарымсақ қосылған палау

Мәзір: Сарымсақ қосылған палау

Мәзір: Сарымсақ қосылған палау

Палау халқымыздың ең сүйікті, сондай-ақ әзірленуі оңай тағамдарының бірі. Палау басу өнері әр қалада ғана емес, әр отбасында әрқалай болады. Оның әзірленуін қыз-келіншіктер тұрмақ, бойдақ жігіттер де білетін болар. Бүгін біздің оңай әрі тез дайындаланатын палау мәзірімен таныс болыңыз. Сондай ақ бұл палаудың ерекшелігі сарымсақтың қосылуында.

 

 Құрамы:

  • сиыр немесе қой еті - 300г;
  • күріш - 2 пиала;
  • сәбіз - 3-4 дана;
  • пияз - 1 дана;
  • сарымсақ - 1 дана;
  • тұз;
  • сұйық май.
Етті майдалап, сәбізді ұзын текшелерге тураймыз. Тым ұсақ турап қоймаңыз.
 Пиязды да орташа бөліктерге тураймыз.
 Күрішті тазалап жуамыз.
 Сарымсақты жуып, үстін қайнаған сумен жібітеміз.
Қызған қазанға сұйық май құйып, ет салыңыз. Етті шамалы тұздаған жөн.
 Қуырылған етке сәбізді қосамыз.
 Көп ұзамай, пиязды да қазанға саламыз.
 Әбден қуырылған ет пен көкөністерге су құямыз. Палау әзірлегенде көпшіліктің жіберетін қателігі суды көп не аз мөлшерде қосуы. Мәзірдің осы қадамында көкөністерді жабатындай су қажет. Тағы бір кеңес: жаңа қайнаған суды қолданыңыз.
Суға жарты ас қасық тұз қосыңыз. Басында етке тым көп тұз қоссаңыз, бұл қадамда оның мөлшері кемірек болуы керек. Сорпаны бір қайнатып, күріш салыңыз. Күріш судан көп болып, беті көрініп тұрса, үстінен қайнап тұрған суды қосыңыз. Сорпа күріштің бетінен бір саусақ жоғары болуы керек.
 Сарымсақты қазанның тура ортасына жайғастырамыз. Күрішке батып тұруы шарт.
 Күріштің бірнеше жерінен шұңқыр жасаңыз.
Қазанды қақпақпен жауып, палау піскенше бетін ашпау керек. Палаудың пісуіне жарты сағаттай уақыт керек.

 Сарымсақ қосылған палау дайын. Асыңыз дәмді болсын!

2482 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 мамыр 2012, 13:54
Пікірлер
+0
25 мамыр 2012, 13:54

палау жегім кеп кетті :(

+0
25 мамыр 2012, 17:31

керемет!) ;)

+0
25 мамыр 2012, 21:28

Мынау алматы жақтың палауы ғой деймін шымкентте мынадай етіп пісірсең күлкіге қаласың

+0
26 мамыр 2012, 10:32

Шымкенттің серьезный палауын жіберсеңізші?

+0
27 мамыр 2012, 14:21

Ясин, өзің палау пісірудің шебері сияқтысың ғой :D :D Маған жігіттер қауымы тамақ пісіру туралы әңгіме айтса, қызық көрінеді :D

+0
27 мамыр 2012, 17:38

Алла сәтін салса қонаққа шақырайын кел www.massaget.kz тамаша пост болар

+0
19 маусым 2012, 11:33

майы ағып тұрған, қып-қызыл, дәмі аузыңнан кетпейтін женгемнін палауын жегім келіп кетті ғоййй :mrgree

+0
17 маусым 2013, 17:50

Сұйық май аз қосылған немесе ет арық малдыкі сияқты. Сондықтан күріштің түсі тым ақшылдау. Сәбіз бен майдың дәмі, түсі сіңген күріш сарғыштау келеді. Жаңа үйреніп жүрген әуесқойларға жарайды бірақ)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...