Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Анар ұсынған маклюбе

Массагеттен мәзір: Анар ұсынған маклюбе

Массагеттен мәзір: Анар ұсынған маклюбе

Бүгін танымал блогшы, аудармашы, қазақ интернетінің майталманы және жас келіншек Анар Мұстафина ұсынған керемет "маклюбе" тағамының мәзірімен таныс болыңыздар.

Құрамы:

  • 400 гр сиыр еті;
  • 1,5 шыны күріш;
  • 3 картоп;
  • 2 сәбіз;
  • 2 кішкентай пияз;
  • сұйық май;
  • тұз;
  • қызанақ, қияр;
  • айран.
Күрішті жуып, суға бұқтырып қойыңыз.
Картоп пен сәбізді тазалап, жуып, майдалап тураймыз.
Пиязды тазалап, майдалап тураңыз.

Картопты майға тұз қосып қуырамыз.
Дәл сол сияқты сәбізді де бөлек маймен тұз қосып қуырамыз.
Енді үлкендеу қазанға май құйып, етті тұздап қуырамыз.
Қуырылған етке пияз қосамыз.
Шамалы қуырылғаннан кейін етке сәбіз қосып, біркелкі қылып жайғастырамыз.
Картопты сәбіздің үстінен саламыз.
Көкөністерді қуыру барысында, суға бұқтырылған күрішті жартылай дайындыққа дейін пісіреміз. Оны қазанға салып, кішкене сорпа не қайнап тұрған су қосамыз. 
Маклюбені баяу отқа қойып, дайын болғанша, қызанақ пен қиярдан салат әзірлейміз.
Салатты тұздап, май қосуға болады.
Маңызды сәт: Қазанды үлкен табаққа аударамыз. 
Шетінен салат салып, ортасына айран құямыз. Маклюбе дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Анар Мұстафина мен Сания Аринова

18331 20
Рейтинг: +13

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 маусым 2013, 18:35
Пікірлер
+0
13 маусым 2013, 17:26

опанки)))) күшті риза болып отырм Анараға

+0
13 маусым 2013, 17:46

Біз соңында барып жеп кеттік. Дәмі әдемі. Ұнады. Әңгіме қосып жесең, бапше күшті екен :D Төбесіндегі еттерін жаймен түсіріп-түсіріп жеп қойдық. "Күрішін жеңдер, күрішін жеңдер" деген Ардақтың (қалжың) сөзіне қарамай :lol:

+0
13 маусым 2013, 17:56

Жедік? Мен шеееее? :roll: :)

+0
13 маусым 2013, 18:02

Сізге менің тамағым бұйырып тұр-ау, шамасы. Мен жасағанда шақырам. Бірақ ешкімге айтып қоймаңызшы :D

+0
13 маусым 2013, 18:17

Айтпаймын, айтпаймын :D

+0
13 маусым 2013, 17:47

Жасап көру керек еді. Алғаш Нұрғиса ағаның блогынан естідім ғой деймін бұл тағамды.Тамаша! :)

+0
13 маусым 2013, 17:53

Бүгін тошна барамын :)

+0
13 маусым 2013, 18:07

Кел, әрине! Бірақ енді басқа "шедевр"-ымды ұсынармын :)

+0
13 маусым 2013, 18:05

Тақырып дұрыс емес, "Анар ұсынған, Ардақ жеп алған маклюбе" болуы керек еді!

+0
13 маусым 2013, 18:08

Онымен қоймай, "күрішпен бәрін бірге же" деп тақылдап отырған деш :mrgreen:

+0
13 маусым 2013, 18:53

Уау, Анара керемет пысық келіншек екен ғой, осы демалыста жасап көрмесем. Қолдарың дерт көрмесін))

+0
13 маусым 2013, 20:21

керемет :)

+0
13 маусым 2013, 20:40

уууууу,Анарға қонаққа барғым келіп кеттііііііііі))

+0
13 маусым 2013, 20:48

жасадым,керемет шықты,,,,,,,күнде жасап жеуден ерінбес едім....дәмі керемет ,,,,,, :D

+0
13 маусым 2013, 21:03

Қолдарың дерт көрмесін! )))

+0
13 маусым 2013, 23:59

татти сиякты))))

+0
14 маусым 2013, 11:28

Түнде түсіме кірді осы маклюбе :)

+0
14 маусым 2013, 18:26

ахах))

+0
14 маусым 2013, 11:28

Рахмет, достар! Мәзірдің еш қиыны жоқ, үйде жасап көріңіздер! :)

+0
15 маусым 2013, 20:47

жасап көру керек :))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...