Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Массагетен мәзір: Көкнәр қосылған бәліш

Массагетен мәзір: Көкнәр қосылған бәліш

Массагетен мәзір: Көкнәр қосылған бәліш

Қолданушымыз Ақнұр Бектеміс дайындалуы өте оңай, әрі тез бәліш мәзірін ұсынып отыр. Оның ерекшелегі  – көкнәр қосылуында.

Көкнәр (мак) қосылған бәліш өте тез дайындалуымен ерекшеленеді. Әдетте, жақсы көтеріліп пісетін бәліштің қамырын дайындау қиындық туғызуы және көп уақыт алуы мүмкін. Енді сіз көп уақытыңызды бөлмей-ақ, қамыр дайындауда қиналмай, тез пісетін дәмді бәліш мәзірімен таныс боласыз.  

Құрамы:

  • 200-250гр маргарин/сары май;
  • 1 стақан қант;
  • 3 дана жұмыртқа;
  • 1-1,5 ас қасық көкнәр (мак);
  • 2-2,5 стақан ұн;
  • 1 шәй қасық қамыр қопсытқышы;
  • ванилин;
  • қант ұнтағы мен даршын (корица).

Ыдысқа маргаринді салып, газға қойып аздап ерітеміз.

Еріген майдың үстіне 1 стақан қант саламыз.
3 жұмыртқаны жарамыз.
Көкнәр қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
Қопсытқыш, ванилин және ұнды елеп қосамыз.
Бірыңғай қоспа болғанша араластырып, бәліш пісіретін ыдысқа саламыз.
Бәлішті 150-180 градусқа дейін ысытылған пеште 20-25 минут пісіреміз.
Дайын болған пирогты ыстық пештен алып, таза матаға 5-10 минут төңкеріп қойған жөн.
Қайта кері төңкеріп, суып үлгергенше үстіне қант ұнтағы мен даршын себеміз.

Бәлішті дастарханға суығаннан соң кесіп қоюға болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Жолдаған: Ақнұр Бектеміс

5072 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 14 маусым 2013, 11:45
Пікірлер
+0
14 маусым 2013, 13:21

Массагет жасаған тамақтың бәрін жасап көрдім, енді мынаны да жасамасам. Жалпы көп нәрсе жасай алмаушы ем массагет мені жап-жақсы повар жасайтын болды :P

+0
14 маусым 2013, 18:25

Ақнұрға алғысым көп)жақында жасап көруге уәде беремін)

+0
14 маусым 2013, 18:44

:D дәмді шығатынына күмәнім жоқ!

+0
15 маусым 2013, 22:55

лақтыршы бері қарай! :)

+0
16 маусым 2013, 14:01

Мен пісірдім жаңа ғана. Бірақ пісіретін таба сәл үлкендік етті. Томпаааақ болмай қалды))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...