Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Қолтырауынның алмұрты

Қолтырауынның алмұрты

Қолтырауынның алмұрты

Авокадо — тропикалық елдерді мекендеушілердің сүйікті әрі  маңызды жемістерінің бірі. Оның жабайы түрлері белгісіз. Ал жеміс өзінің шығу тарихы үшін Орталық Америка тайпаларына қарыздар екен. Нақтырақ айтсақ, авокадо бірнеше түрлердің будандастырылуы арқылы Мексика жерінде пайда болған. Үндістер оны осыдан 7 мың жыл бұрын өсіре бастады. Авокадо өзінің құрамындағы ақуыз бен өсімдік майының арқасында адамдардың күнделікті пайдаланатын тағамдарының біріне айналды. Тіпті, Орталық Америкадағы кедей отбасылар авокадоны және жүгері тандыр нанын негізгі тағамдары ретінде таниды.

"Авокадо" сөзін ең алғаш рет еуропалықтар қолданған екен, асылында бұл жемісті "ахуакталь" деп атап жатады. Міне қызық, авокадоны "қолтырауынның алмұрты" деп атайтын елдер де бар екен.

Дәл қазіргі уақытта авокадо Оңтүстік Америкада, Мексикада және Еуропаның оңтүстік аймақтарында өсіріледі.

Авокадоның қабығы жылтыр немес кіржиген болып келеді. Түсі ақшыл жасылдан, қара жасылға дейін кездеседі. Өзі өте берік және терісіне ұқсайды. Жемісінің жұмсақ еті кремге немесе майға ұқсас нәзік жасыл, дәмі жаңғақтыкіне ұқсас келеді. Авокадо жемісінің ортасында қатты қоңыр сүйегі бар.

Құрамындағы майдың көптігіне (шамамен 20-30%) қарап, халық оған оған "орман майының жемісі" деген ат таққан екен. Авокадоның майы құрамында қышқылдар көп кездесетіндіктен тез қорытылады. Сондай-ақ авокадо минералды заттарға, микроэлементтерге, дәрумендерге (әсіресе, В,Е дәрумендеріне) бай. Оның құрамында көміртегі мүлдем жоқ және ол ең калориялы жеміс болып табылады.

Авокадо инфаркттың алдын алып, күйзеліспен күресуге көмектесе алады және терінің жазылуына әсер етеді.

Көптеген адамдар авокадоны көкөністің қатарына жатқызады. Шын мәнінде ол жеміс және оны десертке, тәтті тағамдарға, қышқыл дәмді тағамдарға пайдаланады. Әрине, оны шикі қалпында жеуге де болады. Ол үшін жемісті айналдыра кескілеп, екіге бөлу керек. 

Нағыз піскен авокадо шырынды, дәмі тәтті (алмұрттың, асқабақтың дәмін еске салады) келеді.

Авокадоны талдан қатты, жақсы піспеген күйінде жұлып алып, сатылымға жібереді. Жемістер бір-екі күн тұрғаннан кейін жетіліп, өте жұмсақ бола түседі. Саусағыңызбен басқанда із қалуы керек. Қараңғыда жақсы сақталады.

Көп адамдар бұл жемісті нанға жағып жегенді ұнатады. Салатпен, сорпамен, саңырауқұлақтар мен қышқыл тағамдармен тіске басар ретінде қосып жеуге де болады. Негізінен авокадо вегетариандық асханада жақсы танымал, ол етті және жұмыртқаны алмастыра алады. Ашылған, кесілген авокадоның түсі өзгеріп шыға келеді. Оның ең мықты сорттары: Эттлингер, Фуэрте, Нобель және Хасс.

Авокадоның сүйегі мен жапырағының құрамында жануарлар үшін аса қауіпті, адамдарға да зиянын тигізе алатын токсиндық заттар бар. Бұл токсиндер асқорыту жүйелеріне қиындықтар әкеліп, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Авокадоның ұнтақталған сүйегі жағымды иіс шығарады.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2740 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 маусым 2013, 17:07
Пікірлер
+0
07 маусым 2013, 17:14

авакадо жеп көрмеппін )

+0
07 маусым 2013, 17:31

АВАКАДО-ны менде жеп көрмеппін :?

+0
07 маусым 2013, 23:09

мен да

+0
10 маусым 2013, 22:22

мен жедім ) тусінбей қалдым жеміс пе алде көкөніспе деп

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...