Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Пияз шелпектері

Массагеттен мәзір: Пияз шелпектері

Массагеттен мәзір: Пияз шелпектері

Пияз шелпектері күнделікті асыңызды түрлендіріп, дастарханыңызға ерекшелік пен жаңалықты әкеледі.

Құрамы:

  • Ұн;
  • 1 стақан су;
  • жарты ас қасық тұз;
  • 1 үлкен пияз;
  • сұйық май.
Стақандағы суға тұз ерітіп, оны ұнға қосып, қамыр илейміз.
Қамырды жаба тұрып, пиязды майда тураймыз.
Пиязды тұздап, қолмен езіп араластырамыз. Пиязды майға қуырып аламыз.
Қамырды барынша жұқа қылып жайып, бетін шамалы майлаймыз. Үстіне қуырылған пиязды жаямыз. 
Қамырдың бір шетіне оқтауды қойып, орай бастаймыз.
Қамырды оқтаудың соңына дейін ораймыз.
Пышақпен суреттегідей қамырды ортасынан тілеміз.
Оқтауды алып тастап, қамырды қалауыңызша тағы бірнеше бөлікке бөлеміз. 
Кесектерді орап, үстінен оқтаумен бір жүргізіңіз.
Шамалы майды қыздырып, шелпектерді қуыра бастаймыз.
Екінші жағына аударып, тағы май құйып қуырамыз.
Пияз шелпектері дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

17174 16
Рейтинг: +7

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 17:46
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 17:39

қызық... :D

+0
06 маусым 2013, 18:37

несімен?)

+0
06 маусым 2013, 19:50

жалпы жасалу жолы да :)

+0
06 маусым 2013, 18:48

Жасап көрмесем пияз қасына басқа заттар салып қуырып алса да дәмді болатын сичқты иа

+0
06 маусым 2013, 19:51

жусаймен жасаса да болатын шығар деп ойлап қоям :)

+0
07 маусым 2013, 11:29

иә қыздар, тәттісін де жасауға болады.

+0
06 маусым 2013, 21:47

ии жуаны ұнатпаймын!!үйде мамадан басқа ешкім жемейді :x

+0
07 маусым 2013, 11:29

мысалға сәбіз қосып жасасаңыз болады

+0
06 маусым 2013, 22:28

О, жасаймын!

+0
06 маусым 2013, 22:43

Кызык дамди коринеди..

+0
07 маусым 2013, 01:43

шелпек деген не?

+0
07 маусым 2013, 11:29

лепешка сынды нан ғой

+0
07 маусым 2013, 17:14

пәтір деген түрі де бар наның пияз қосылған))) жасалу жолы осыған ұқсас, тек жұқа етіп жайылған ашытқысыз қамырға сары майды жағып, үстіне шикі пиязды салады да, орама орағандай қып орап, оны кейін зуала етіп алып, қайтадан жаяды. Соны тандырға пісіреді немесе пешке салады. Өте дәмді болатын нан)))

+0
10 маусым 2013, 00:49

құрамын жариялаңызшы

+0
10 маусым 2013, 19:57

Тап осы құрамда қамыр иленеді, ашытқысыз. Тек ана қуырылған пияз емес, шикі пиязды турап салады да, орамадай етіп орайды. Кейін зуала етіп, қайта шелпек ұқсап жаяды да, духовкада пісіріп алады.Әшейінде 20 минутта 180 градуста піседі.
;)

+0
10 маусым 2013, 18:01

Ұйғыр құрбымның үйінен алғаш дәм татқам студент кезде. Әлі күнге дейін сүйікті тағамым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...