Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Манты

Массагеттен мәзір: Манты

Массагеттен мәзір: Манты

Манты - көбіміздің сүйікті, ерекше күндері әзірленетін тағамдарымыздың бірі. Массагет осымен мантының мәзірін бірнеше рет берген еді. Бүгін қолданушымыз Ақнұр Бектемістің манты мәзірін назарларыңызға ұсынамыз.

Манты (манту) – Орталық Азия, Түркия, Моңғолия, Татарстан халықтарының ұсақталған ет пен жұқа жайылған қамырдан тұратын дәстүрлі етті тағамы. Қазақстанда манты үшін дайындалатын етті салмаға көбіне сиыр не қой етін, жуа, сәбіз, асқабақ пен майды (қойдың майы) турап салады. Ал қамырды ашытқысыз, жылы суда илейді.

Қамыр үшін:

  • 500 гр ұн;
  • 0,5 стақан жылы су;
  • бір шымшым тұз.

Салма үшін:

  • тартылған сиыр еті;
  • 1 дана сәбіз;
  • 2 дана жуа;
  • 4-5 тілім асқабақ;
  • тұз, бұрыш.

Дайындалуы:

Ұнды ыдысқа елеп салып, тұз қосып, жылы суда илейміз. Қамыр өзара біріккен соң, бетін жауып, жылы жерде ұстаймыз. 15-20 минуттан соң, жұмсарған қамырды илеп, жаямыз. Манты үшін арнайы төртбұрыш пішінімен  кесіп, салма салуға дайындаймыз.

Еттартқыштан өткен етті үлкен ыдысқа салып, асқабақ, жуа мен сәбізді майдалап  тураймыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.

Жайылған қамырға дайын салмадан салып, түйеміз. Манты пісіретін арнайы ыдыстың (мантоварка) астын жұқалап майлап аламыз да, түйілген мантыларды саламыз. Манты буда тұрып, 40-45 минутта піседі. Оған дейін сәбіз бен жуаны қуырып, мантының үстіне тұздық дайындаймыз.

Манты дайын, дастарханға қаймақпен не майонезбен ұсынсаңыз болады. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Жолдаған: Ақнұр Бектеміс

7940 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 мамыр 2013, 18:41
Пікірлер
+0
27 мамыр 2013, 18:27

Ақнұр керемет! Қолыңа дерт бермесін)

+0
27 мамыр 2013, 18:27

Ас болсын, Ақнұр. Суреті бізде, манты сізде :D

+0
27 мамыр 2013, 18:28

Мынаны қалай жемессің? :D

+0
27 мамыр 2013, 18:31

Ном-ном-ном! Қалыңдығымның ата-анасымен танысуға барғанда дәл осындай манты жеген едім. Аш күнде деген астың дәмі есіңнен кетпейді екен :lol:

+0
27 мамыр 2013, 18:32

Уау..Мантыыыыыыыыыыыыыыыыыы :mrgreen:

+0
27 мамыр 2013, 19:53

Ас болсын! Жусай қосылған манты үшін отанымды сатып жіберуге дайынмын)))))

+0
27 мамыр 2013, 22:34

:? Мәә, олай айтпаңызшы, Ғазиза әпке... Отаныңызды сатпай-ақ Ақнұржанның қонағы болып тұрыңыз))))

+0
28 мамыр 2013, 09:57

біз де осылай жасаймыз,тек картоп қосып,жегім кепппп отырррр,лақтырыңызшы бермен қараййй :D

+0
28 мамыр 2013, 10:53

Асқабақтан жасапты. Мәләдес.

+0
13 наурыз 2015, 17:00

Өте дәмді әтвечәю

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...