Мәзір: “Орамжапырақ орамасы”

Мәзір: “Орамжапырақ орамасы”

Орама тағамдардың дайындалу жолы көбінесе ұзақ әрі машақаты көп көрінеді. Ал мына орамжапыраққа оралатын етті тағам жеңіл әзірленіп, тұздығы асқа ерекше дәм мен тәбетті ашатын иіс береді. Орамжапырақ жапырақтарын оңай орау үшін ыстық суда жібітіп алған дұрыс. Олай болса, іске сәт!

Құрамына:

Орамжапырақ — 1 дана

Тартылған ет — 500 гр.

Пияз — 2-3 дана

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

Базилик — 1 шәй қасық

Тұздығына:

Қаймақ — 1 стақан

Томат пастасы — 1 ас қасық

Ұн — 1 ас қасық

Сұйық май – 1 ас қасық

Су – 1 стақан

    

    

 Дайындалуы:

  • Орамжапырақтың орамдарын ақырын ажыратып алғаннан кейін, ыстық суға салып 5 минут қайнатып аламыз;

     

  • Пиязды ұсақтап тураймыз;

     

  • Енді тартылған етке туралған пиязды, базилик, тұз бен бұрышты салып, әбден араластырамыз;

     

  • Орамжапырақтың жұмсарған жапырақтарына 3-4 ас қасықтан тартылған ет қоспасын салып, ораймыз;

     

     

  • Бірнеше орамалар дайын болғаннан кейін, қалыпқа салып, 180С температурада қызған пешке 10-15 минутқа саламыз;

      

  • Бұл уақытта тұздығын дайындаймыз. Ол үшін  табаға қаймақ пен томат пастасын салып, араластырамыз;

      

      

      

  • Үстінен су мен сұйық май құйып, кейін ұнды сеуіп, тағы араластырамыз;

      

  • Дайын болған тұздық қоспасын 10 минут жай отта қайнатып аламыз;

       

  • Қызарған орамаларды пештен шығарып, үстіне тұздық құямыз;

       

       

  • Тағамды қызған пешке тағы 40-50 минутқа қайта саламыз.
  • Дайын болғаннан кейін талғамыңызға қарай сәндеуге болады.

       

Астарыңыз дәмді болсын!

А. Байжан