Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Табиғи шаш бояулары

Табиғи шаш бояулары

Табиғи шаш бояулары

Шашыңызды өзгертіп, жанартқыңыз келеді, бірақ оны химияалық қосылыстары бай бояумен жарақаттамаймын десеңіз, табиғи бояғыш қына мен басманы қолданып көріңіз.

Басма

Басма – керемет қасиеттері бар табиғи бояу. Ол – индиго атты өсімдіктен жасалатын сұр-жасыл ұнтақ. Ол шаштың тез өсуіне ықпал етеді, оны ішінен берік қылады, табиғи жылтыр береді. Сондай-ақ басма шаш тамырын мықты қылып, қайызғақтан арылтады. Бас теріңіз химиялық бояуларға тым сезгіш болса, басманы қолданып көріңіз. Басманы қынамен бірге қолдану керек, басқа жағдайда, шашыңыз жасыл болып қалады. Табиғи басма мен қынаны қолданып, шашты қара, қоңыр түстердің түрлі реңктеріне бояй аласыз.

Қына

Өсімдіктен жасалатын табиғи шаш бояуы. Үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым қына шаштың бетін қаптап, ішіне сіңбейді. Нәтижесінде қызыл-қоңыр, қоңыр түстердің түрлі реңктеріне қол жеткізуге болады. Қауіпсіз шаш бояумен қоса, қына шашқа күтім көрсетіп, көлем беріп, жылтырлата түседі. Қына шашты күннің жаман әсерінен қорғап, шаштың түсуін тоқтатып, қайызғақтан арылтып, бас терісін тазалайды.

Табиғи қынамен шаш бояғанда бояудың қандай болатындығын дәл айтуға болмайды. Түстің реңкі қатты не бәсең шығуы мүмкін. Сондықтан басында бір бұрым шашты бояп көрген дұрыс. Құрамында қына бар бояғыш сусабындар мен басқа да арнайы бояғыш құралдар қолданған абзал. Ағарған немесе химиялық бұйраланған шаштарға қына қолдануға болмайды, себебі құртылған не түсі кеткен шашты одан әрі құртуы мүмкін.

Уақыт өте қынаның түсі шайылып кете алады, алайда оны айына екі реттен жиі қолдануға болмайды. Оны жиі қолдансаңыз, қына кері әсер беріп, шашыңыз өңсізденіп, түсі жаман болып кетуі мүмкін. Табиғи бояғыш заттар қауіпсіз болса да, кейбір түрлері, мысалы түрлі түсті қына аллергия қоздыруы мүмкін.

Айта кетсек, басқа бояумен шашты бояу үшін қынамен боялған шаштың өсіп кеткенін күту керек. Химиялық бояулар қына қабатынан өте алмайды екен.  

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: persianshop.com.ua

25867 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 сәуір 2013, 18:00
Пікірлер
+0
09 сәуір 2013, 20:16

немен боясаң да,бәрібір боялғаны қап-қара болып көрініп тұрад)

+0
09 сәуір 2013, 23:50

қына жаманнннннннн менің шашым сыпырылып түседі күнде ұзын,қалың едіі :evil: :evil: :evil: :evil:

+0
12 сәуір 2013, 11:08

ол таза қына емес онда. айранмен жу, майонез жағып қой, жарты, бір сағатқа. Сосын жуып таста. жақсы көмектеседі.

+0
10 сәуір 2013, 09:34

Шаш боямау керек деп оқыдым, көп мидың ісігі көбі осы бояқтан дейді ((

+0
10 сәуір 2013, 15:26

кадимги красклардан хнамен бояған өте пайдалы және шынайы көрсетеди шашты .Ал краскаларды жек корем шашын леска сияқты қатайып тұрады шықырлап.Сондықтан табиғи заттарға ештене жетпейди.

+0
12 сәуір 2013, 11:06

жазба ұнады. бірақ шашымды бояп көрмеппін.

+0
19 сәуір 2013, 16:20

шаш бояуды қойып кеттім 3 жыл болды. Жаман құтылдым сол пәледен.

+0
25 сәуір 2013, 13:54

2 жыл болды шаш боямағаныма, өз табиғи шашыңа не жетсін! Бояусыз-ақ шашым жылтырап тұрады. ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...