Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Бетті арықтатудың жолдары

Бетті арықтатудың жолдары

Бетті арықтатудың жолдары

Көптеген қыздар салмақ қосқанда беттері тола бастайды. Бетті арықтату үшін қандай диета ұстанып, қандай жаттығулар жасау керек?

Күніне 2 литр су ішіңіз

Суды қажетті мөлшерде ішу арқылы сіз ағзаңыздан артық улы заттарды шығарасыз. Осылайша беттің, қол-аяқтың ісінуінен сақтанасыз. Ал бұл беттің дөңгелектенуінің бірден-бір себебі.  Газдалмаған минералды су не жасыл шай да ішсеңіз болады. Әрине басқа сусындар да шөлді қандырады, алайда олар таза судың пайдасымен салыстыруға келмейді және олардың құрамында калорий көп болады.

Көкөніс пен жемістер күніне 3 рет

Осы ережені ұстанған жандар салмақ тастаудан басқа амалы қалмайды. Көкөніс пен жемістердің құрамында шырын көп болады, сондай-ақ олар клетчатка мен дәрумендерге бай. Бір алма, сәбіз салаты қарныңызды тойдырып, тәтті шоколад пен тіскебасарлардың әсерінен сақтайды. Жұмыс орныңыздағы тіскебасарлар тек жеміс пен көкөністер болсын.

Кальцийді көптеп қабылдаңыз

Күніне кем дегенде 1,2 мг кальций қабылдасаңыз, арықтау процесі тезірек жүреді екен. Ол үшін күнделікті 3 стақан сүт не 800 грамм ірімшік жеу керек екен. Кальций сүтті тағамдардың барлығында, балықта көп болады. Кепкен жемістер мен жаңғақтар да қажетті кальций шамасымен қамтамасыз ете алады. 

250 калорий ережесі

Екі аптада 1кг тастау үшін, аптасына 3500 калорийдан арылуыңыз керек. Күніне 500 калорий деп есептесек, оның жартысы физикалық жаттығу есебінен, екінші жартысы рационнан болуы керек. 500 калорийді 30 минуттық жаттығулар, жүгіру нәтижесінде, ал басқасына рационнан тәттіні алып тастау нәтижесінде жете аласыз. Осылай асықпай, бірақ тұрақты түрде арықтап, денсаулыққа зиянын тигізбейсіз.

Тұз кемітіңіз

Тұзды тағамдарды сүйіп жейтін қыздардың беті ісіп, бұл тұрақты құбылысқа айналуы мүмкін. Жартылай дайын тағамдар, картоп чипсылары, тұздалған жаңғақтар, қақталған, сүрленген тағамдардан мүлдем бас тартыңыз. Жалпы тағамды аз тұздап үйреніңіз. Айта кетсек, бұл қан қысымының тұрақтануына да пайдалы.

Жаттығулар

Тек диета әсерінен арықтасаңыз, теріңіздің босап қалу мүмкіндігі бар. Жаттығулар арқасында тері мен бұлшық еттердің шымыр болуына көмектесесіз.


Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: 17life.com 

44927 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 01 сәуір 2013, 16:30
Пікірлер
+0
01 сәуір 2013, 20:04

3 литр су ішем 200 грам сүзбе жейм

+0
01 сәуір 2013, 20:04

Сәния керісінше томпайтатын (семіру) бар ма??

+0
02 сәуір 2013, 10:34

ізденіп көремін

+0
01 сәуір 2013, 21:13

бет те толады екен... :?

+0
03 сәуір 2013, 15:25

мен кунде су ишем..соган жаман уйренип кеткен

+0
03 сәуір 2013, 17:22

беттин томпак болганы суйкимди коринеди гой, кыздар ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...