Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Қас жұлу

Қас жұлу

Дұрыс жасалған қас пішіні кемшіліктерді жасырып, келбетіңізді одан әрі жайната түседі. Ол үшін бірнеше ережені ғана білсеңіз болғаны.

Көп ару косметолог мамандарға жүгінбей-ақ, өздері қастарын жұлып, пішінін келтіреді. Қателік жіберіп қоймау үшін мына ережелерді білгеніңіз абзал.

1-ереже: Қасты жұлумен әуестенбеңіз. Тым жіңішке қас қазір сәнде емес, сонымен қатар әдемі көрінбейді де.

2-ереже: Басы қалың, ұштары тым жіңішке, биік пішінді қас жасамаңыз. Бұл жасанды көрінеді.

3-ереже: Қасты қырмаңыз, ұстараны мүлдем қолданбаңыз. Бір қате қимыл нәтижесінде қастарыңызды тым көп қырып алуыңыз мүмкін. Ондай жағдайда, қастың қайта өскенін күтіп, тездету үшін арнайы косметикалық майларды қолданасыз.

Қасты дұрыс қылып алу үшін сізге кішкентай тарақша (таза тушь жаққышын алуға болады), маникюр қайшысы, пинцет, айна қажет.

  1. Қас жұлудың алдында бет терісін бумен жұмсартқан дұрыс.
  2. Қасты тарақшамен тарап, көзбен пішінін елестетіңіз.
  3. Артық, қастан жоғары шығып тұрған шаштардың ұштарын маникюр қайшысымен алыңыз.
  4. Пинцет көмегімен артық болып көрініп тұрған шаштарды жұлып алыңыз. Бір жұлғанда 2 шашты алуға тырысыңыз. 
  5. Қысқа, жұлынбайтын шаштарды тез қимылмен алуға болады.
  6. Екі қастын бірдей болғанын қадағалаңыз.

Егер қастың пішінін келтіре алмасаңыз, бір рет сұлулық салонына барып, қас пішінін кәсіпкер косметологтан жасатып алыңыз, келесіде тек сол пішінді жөндеп отырасыз.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: liveinternet.ru

31877 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 наурыз 2013, 20:16
Пікірлер
+0
28 наурыз 2013, 21:59

Салонда форма жасатып алып 2 айдай өзім жұлып жүрем

+0
29 наурыз 2013, 14:07

қасымды мүлде жұла алмаймын :shock:

+0
30 наурыз 2013, 16:00

Салонға барып жасатып алдым. Бізде "мен" деген салонда бақандай 200 теңгеге жасап береді.

+0
31 наурыз 2013, 14:28

200 тенге деген тым арзан гой. Бизде 600 тг :roll: :roll: маған өзіме қасымның формасы унайды озим кажет кезинде реттеп аламын

+0
31 наурыз 2013, 11:45

Мен калай истесемде менде болмайды, сол косметологыма айына 2 рет барып турам, озиме унайды, кыздар окинбисиздер, багасы да аса кымбат емес 800-1000 тенге.

+0
18 шілде 2014, 05:08

Қас жұлуға бола ма?
Ассаламуалейкум! Исламда әйел адамдарға қас жұлуға бола ма? Қас жұлудың үкімі қандай? Рахмет!
"""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""Уағалейкумәссәләм! Шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Өйткені, Алла Елшісі ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады» [1], – деген.

Десе де, «хадистегі "қас жұлмандар" деген сөз - қасты түгелімен жұлуды айтуда, - дейді кебір ғалымдар. Ал түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі»[2] дейтін ғалымдар да жоқ емес.

[1] Әбу Дауд, Тәрәжжүл-5 (4170).
[2] У.Зухайли, Фатауа Муғасыра

Жұлуға қалған жағдайда тек аурудың түрі болатын болса, яғни көзге түсіп көру қабілетіне кедергі келтіретіндей ұзын қас болатын болса, онда ретке келтіру дұрыс. Ал егер ондай ауру болмаса, яғни қалыпты болатын болса, қасты ең абзалы жұлмағаныңыз! Себебі, қиямет күні Раббымыздың құзырына барғанда "қасты неге жұлмадың?" деп сұрамайтыны айдан анық, ал хадисті негізге ала отыра айтсақ - "неге қасыңды жұлдың?" демеуіне ешқандай кепілдік жоқ! Сондықтан Аллаһ берген нығметке шүкір етіп, себепсіз аманатқа қиянат жасамайық дегіміз келеді!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...