Шаш саулығына қажет дәрумендер

Шаш саулығына қажет дәрумендер

Шашыңыз сау және әдемі болуы үшін, оларға сыртынан ғана емес, сонымен қатар ішінен де күтім қажет. Шашты емдеу үшін дәрумендер қабылдаған дұрыс. Бірақ қандайын таңдау керек?

А дәрумені

Табиғи антиоксидант болатын А дәрумені бас терісін күтіп, май бездерінің жұмысын реттейді. Бас терісіндегі қан айналымын жақсартып, қайызғақтың алдын алады. А дәруменінсіз шаш сынғыш болып, құрғайды.

В дәрумені

Бұл топтың барлық дәрумендері шаш саулығы үшін пайдалы. В2 дәрумені бас терісін оттегімен байытады. Бұл дәрумен тапшы болса, шаштың түбі майланып, ұштары керісінше қатты құрғайды.

В3 және В5 дәрумендері бас терісініндегі қан айналымын жақсартып, шашты берік қылып, оларды жылтырата түседі. Сондай-ақ, ағарған шаштардан сақтап, терінің қайта қалпына келу қасиетін тудырады.

В6 шаштың түсуінен сақтайды, түсін жылтырата түседі. Бас терісі қышитын, құрғақ адамдарға таптырмас дауа.

В9 мен В10 дәрумендері кальций элементінің қабылдануын тездетіп, шаштың тез өсуіне мүмкіндік береді.

В12 шаштың түсуін болдырмайды.

С дәрумені

Бұл дәрумен бас терісінің қан айналымын ретке келтіріп, шаш тамырларына қоректік заттарды жеткізеді. 

Е дәрумені

Шашты жылтыратып, ультракүлгін сәулелерінің жаман әсерінен сақтайды, шаштың күйіп кетуіне бермейді.

Н дәрумені

Бұл дәрумен бас терісінің саулығы үшін өте маңызды. Ол қайызғақтан сақтап, бас тері ауруларының алдын алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: passion.ru

С. А