Шаш сөйлесін!

Шаш сөйлесін!

Жыл он екі ай бойы өзіңіз алысып жүретін патша-шашыңызға құлақ түріңізші! Сөйлесін!

1. Шаштың әрбір талы 14 түрлі элементтен тұрады, оның құрамында алтын да бар.

2. Адамның шашын тағамға да қосуға болады. Оның құрамындағы  L-Цистеин - аспаздық саласында нан және нан өнімдерінің қамырына қосылады.

3. Дені сау шаш сулы кезінде әттегі ұзындықтан 30 пайызға дейін созылады.

4. Біздер әр күн сайын 40-150 тал шашымыздан айырыламыз.

5. Шөмеле шаштың 12 тоннаны немесе 2 африкандық пілді көтеруге шамасы жетеді. 

6. Шаш - заттай айғақтардың төресі. Оның көлденең қималары сіздің қай нәсілге, қай ұлтқа тиесілі екендігіңізді айта алады.

Азият тектестерде дөңгелек пішінді шаш болса, африкандық нәсілдерде жалпақ пішінді, ал еуропалықтарда сопақ болып келеді. Шаш арқылы жынысты ғана анықтауға болмайды.

7. Шаш сіздің қаныңыздағы барлық нәрсенің (минералдар мен есірткілерді қосқанда) құпиясын жария ете алады.

8. "Өлмеген" шаш ешқашан көзге көрінбейді, ол бас терісінің астында орналасқан.

9. Әлем халқының 2 пайызы ғана табиғи аққұба(блондин) болып келеді.

10. Әлемде ең көп таралған - қара шаш.

11. Қызғылт шаш - ең сирек кездесетін түс, яғни, әлем халықтарының 1 ғана пайызы осындай шашқа ие. Сондай-ақ, шотландықтардың 13 пайызы жирен шашты болып келетіндігін атап өтейік.

12. Сауланамаға сенсек, аққұба шаштылар - қылымсыған, қара шаштылар - ақылды әрі салмақты, қызғылт шаштылар - күшті болатын көрінеді.

13. Әлемдегі ең қымбат шаш - аққұба шаш. Олардың 100 грамының бағасы 1600 долларды құрайды.

14. Шаш қырқудың зияны жоқ.

15. Әйелдердің шашы еркектерге қарағанды әлдеқайда баяу өседі екен. Олар әсіресе жылы температурада өте күшті қарқынмен өседі.

16. Шаш адам денесінде жілік майынан кейін ең тез өсетін мүше саналады.

17. Шаш көбіне 2-7 жас аралығында өмір сүреді. Орта жасы - 5,5.

18. Оның құрамының 50 пайызы - көміртек, 20 пайызы - қышқыл, 17 пайызы - азот, 6 пайызы - сутек, 5 пайызы - күкірт.

19. Адам басында орташа  есеппен 100 000 шаш бар(аққұбаларда 146 000, қара түстіде 110 000, сарғылт түстерде 100 000, қызғылт түсте 86 000).

20. "Шампунь" сөзі "чампа" сөзінен шыққан. Оны хинди тілінен аударғанда "сылау, уқалау" деген мағынаны білдіреді.

21. Әйелдер орта есеппен жылына 780 долларды шашқа арналған құрылғыларға жұмсайды.

22. Нәзік жандылар бір аптаның 1 сағат 53 минутын шашты жуып, кептіріп, үтіктеуге жұмсайды екен. Сонда 65 жыл өмір сүрген әйел өзі өмірінің 7 айын шашқа арнаған болады.

23. Ақ шаш күйзелістен кейін 13 күннен соң пайда болады.

24. Еуропалықтардың шашы орта есеппен 34 жасында ағара бастаса, африкалықтар мен азиаттар 47 жасында ақ шашпен қауышады.

Суреттер:vk.com, mail.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева