Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Ыстық қайшымен шаш қию

Ыстық қайшымен шаш қию

Ыстық қайшымен шаш қию

Егер шаштың ұштануы сіз үшін үлкен мәселеге айналса, одан арылу үшін ыстық қайшымен шаш қию дауасын жасатып көріңіз. Бүгін осы шаш қию түрімен танысып, оның жағымды жақтарын қарастырайық. 

Қазірде ұштанған шаш көп арулардың мәселесіне айналып отыр. Судың сапасы, экология, түрлі ыстық плойкаларды қолдану, шашты фенмен кептіру - осының бәрі шаштың ұштары құрғап, ұштануына әкеледі. Нәтижесінде ай сайын 2-3 см шашты кесіп тұру керек болады. Шашын өсіремін деген аруға бұл тиімді емес. Сондықтан шаш алудың заманауи түрі, арнайы тек ұштанған шаштарды алатын ыстық қайшымен шаш қию дауасын қолданып көріңіз.

Бұндай дауаға арнайы қызатын қайшы қажет. Шаштараз 80-150 градус арасындағы температураны таңдап, шаш қырқа бастайды. Ыстық қайшымен шаш алғанда оның ұштары күйіп қалады. Осының арқасында шаштың ұштануы тоқтайды.

Шаштараздың шашыңызды дұрыс алуын қадағалаңыз. Ыстық қайшымен шаш алу қарапайым шаш қырқуға ұқсамайды. Ол шаштың кішкене бұрымын бұрап, ұзындығы бойынша ұштарды қырқып шығу керек. Жиі жағдайда шаштың ұзындығы көпке қысқармайды. Ол тек ұштанған шаштың бөлігін қырқуы керек. 

Мұндай дауа 40 минуттан 2 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл шашыңыздың ұзындығы, қалыңдығы, түріне байланысты болады. Ыстық қайшы дауасынан кейін шаш ұштануын тоқтатып, жылтырап, жұмсақ жатады, шашыңыз күтімді болып көрінеді.

Әрине тек осындай шаш алу түріне үміт арту дұрыс емес. Сондықтан дәстүрлі шаш күтім түрлерін ұмытпай, шашыңызды арнайы термо қорғаныс спрей, ұштарды күтетін құрал, басқа да бальзам мен маскалармен еркелетіп жүріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: rastikosa.com

15430 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 17:50
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 18:32

Алматыда қай жерлерде жасайды екен? Біздің мастерлар көбіне қалай не істеу керек деген сұраққа жауап бере алмайды ғо

+0
13 наурыз 2013, 10:58

Мен Далида деген салонда алдырамын ыстық қайшымен

+0
13 наурыз 2013, 12:47

мынау менің шашыма жақсы кеңес екен))

+0
13 наурыз 2013, 21:23

Сәния, сенде оның нәтижесі байқала ма енді?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...