Зиянды косметика

Зиянды косметика

Көптеген заманауи косметикалық заттардың құрамында тері саулығына зиян компоненттер болады. Сүйікті креміңіздің сипаттамасын оқып, онда қауіпті қосылыстар жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.

Натрий лаурилсульфаты 

Бұл аты қиын қосылыс арқасында біздің сусабындар жақсы көбіктеніп, шашты май мен кірден жақсы тазалайды. Алайда кейбір тәжірибелер нәтижесінде оның терінің табиғи қорғаныс қабатын бұзып, теріні қоздыру қасиеті бар екендігі анықталды.

Иіс беретін заттар

Кремдердің иісі жүйке жүйемізді тыныштандыратын қасиеті бар. Жалпы кремді тек иісі үшін қолданамыз десек те болады. Алайда көптеген шампунь, гель, лосьон мен кремдерге иіс беретін синтетикалық қосылыстар теріде аллергия қоздыруы мүмкін. Әсіресе гүл және жемісті иісі қатты шығып тұрған косметикамен абай болыңыздар.

Бентонит мен каолин

Кез келген бет терісіне арналған масканың құрамында болатын табиғи минералдар. Табиғи болғанмен, олар теріні көрнінбейтін қабатпен жауып, терінің дем алуына және артық улардан арылуға мүмкіндік бермейді. Алайда бұндай заттарсыз маскалар бетті қажетінше тазарта алмайды.

Петролатум (вазелин)

Бұл затсыз косметика теріде сақталмай, бірден сіңіп кетер еді. Алайда ол мұнай химиясының өнімі болғандықтан, тері саулығына қауіпті. Оның косметикадағы шамасы барынша аз болуын қадағалаңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: alibaba.com

С. А