Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Бөліп тамақтану қағидалары

Бөліп тамақтану қағидалары

Бөліп тамақтану қағидалары

Көптеген диетологтардың ойынша, бөліп тамақтану салмақты қадағалаудың ең оңтайлы жолы. Егер бөліп тамақтануды ұстануға бел бусаңыз, оның алтын ережелерін біліп жүріңіз. 

1-ереже

Крахмалды және қышқыл тағамдарды бір уақытта жемеңіз. Көмірсуларға бай крахмалды картоп, банан, бұршақтарды қышқыл апельсин, лимон, грейпфрут, ананас және қызанақпен жемеген дұрыс.

2-ереже

Жалпы бір-бірімен үйлеспейтін тағамдарды қосып жемеңіз. Мысалға қарбыз бен сүт.

3-ереже

Ақуыз бен қышқылды тағамдарды да бөлек жеген дұрыс. Цитрустар немесе қызанақты ет, сыр, балық, жаңғақ не жұмыртқамен қоспаңыз.

4-ереже

Крахмалды және тәтті тағамдарды бірге жеуге болмайды. Тосап, қант, балды нан, ботқа, тәтті нандарға жағып жеу дұрыс емес.

5-ереже

Ақуыз бен көмірсуларды бір уақытта жемеген дұрыс. Картоп, нан, макарон мен ботқаларды сыр, жаңғақ, ет не балықпен жемеңіздер.

6-ереже

Ақуыз бен майға бай тағамдарды да бөлек жеуге кеңес береміз. Сұйық, сары майды жұмыртқа, ет, балық, сыр және басқа да ақуызға бай азық-түліктермен қоспаған жөн.

7-ереже

Жалпы бір тамақтанғанда ақуызға бай бірнеше тағамды жемеуге тырысыңыз. Жұмыртқа, ет, сыр, жаңғақтар бір ас үшін тым ауыр болады.

Әрине тамақтану барысында әр тілімді жақсылап шайнау керек. Тамақты аз-аздан жиірек жеу де пайдалы деп санайды осы тамақтану жолын ұстанушылар. Дәмдеуіштер мен тұздың шамасын барынша арттыруға тырысыңыз. Ал ақуызға бай тамақтарды пісіру пешінде не буда пісіріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fitnessgazette.net 

4634 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 15:31
Пікірлер
+0
01 наурыз 2013, 15:30

Ұстанамын осыны)

+0
01 наурыз 2013, 23:08

картопты балық, етпен жейміз гой көбіне

+0
02 наурыз 2013, 09:06

ұстау керек екен, а то біз араластырып жей береміз ғо

+0
02 наурыз 2013, 14:01

Не бар соны жейсің ғой, мынау болады мынау болмайды деп отырған адам көрмедім.

+0
02 наурыз 2013, 14:48

иә қарны ашса ештеңені елемейм :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...