Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашты уақытша бояйық

Шашты уақытша бояйық

Шашты уақытша бояйық

Шашқа реңк беруші құралдар - химиялық бояулармен шаш саулығына зақым тидіргісі келмейтін арулар үшін таптырмас шешім. Ол шашыңыздың түсін жаңартып, жайната түседі.

Реңк беруші құралдар шаштың түсін 2-3 реңкке өзгертеді, сонымен қатар шаш саулығына әсер етпейді, керісінше пайдалы. Уақытша бояу сұйықтықтың концентрациясына, шашыңыздың түріне, оны дұрыс қолдануыңызға байланысты 2 аптаға дейін сақтала алады.

Шашқа реңк беруші бояулар беретін әсеріне қарай бөлінеді. Жеңіл түрлеріне көбіктер, мусс пен сусабындар жатады. Олар бірнеше рет шаш жуғаннан кейін шайылып кетеді. Ал интенсивті құралдар: бальзамдар мен тониктар 5-7 рет жуылғаннан кейін ғана кетеді.

Реңк беруші құралдарды боялған да, боялмаған да шашқа қолдануға болады. Табиғи түсіңізді бірнеше күнге осылайша өзгерте аласыз, боялған шаштардың реңкін қаттырақ не бәсеңірек қылсаңыз болады.

Шашқа реңк беруші құралдар шаш бояуы сияқты шаштың ішіне сіңбейді, ол тек сыртын бояйды. Сондықтан шаш жуған сайын, оның түсі бірте-бірте кетеді. Ал шаштың құрамына әсер етпейді, демек зияны жоқ.

Бұндай құралдардың жалғыз кемшілігі - ол ағарған шаштарды боямайды. Сонымен қатар қара шаштарды тым ашық түсті етіп бояй алмайды.

Реңк беруші құралды алғаш қолданғанда қолдану бойынша нұсқаулармен танысқан дұрыс. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: makeupreviews.ru, hennablogspot.com

10468 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 ақпан 2013, 15:50
Пікірлер
+0
26 ақпан 2013, 15:23

Оппааа, шашымды қоңыр қылғым кеп жүр :)

+0
26 ақпан 2013, 15:47

Өзім қолданып көргім келіп жүрмін)

+0
26 ақпан 2013, 16:08

сарыға бояғым келеді

+0
26 ақпан 2013, 18:04

бірден басқа түске бояй алмайсың осындай тоникамен. бұл тек реңк беру үшін

+0
26 ақпан 2013, 16:26

бояп кордим және қыздарға кеңес беремін.

+0
27 ақпан 2013, 11:20

Мен шашка зиян деп химиялык бояумен боямай жургем, осымен байкап коремин..!

+0
07 наурыз 2013, 01:45

Мен шашымды боямаймын,химиялық заттарға улатканнан гөрі,олардың табиғи сұлулығын арттыруым керек) :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...