Ал сіздің бойыңыз қанша?

Ал сіздің бойыңыз қанша?

Голландияның Гронинген университеті ғалымдары ер мен әйелдің бойы қандай болуы керектігін айтып берді.

Сөйтсек, сауалнамаға қатысқан әйелдердің барлығы дерлік өзінің жігіті өзінен 20 сантиметрге ұзын болуын қалаған екен. Ал жігіттер өз кезегінде қыздың бойы төмендеу болғанын қалаған. Бұл туралы MedikForum хабарлап отыр.

Қыз балалар, нақтырақ айтсақ, өзіне қорған бола аларлықтай бойлы жігіттерді таңдайды. Сондағысы әйелдер өзінен 20 сантиметр биік болса екен дейді екен. Ал ер адамдар өз кезегінде қыз баланың өзінен 7,5 сантиметрге аласа болғанын қалапты. Ерлер қауымы өздеріне ұнайтын бой өлшемі – 190 болатынын айтса, қыз балалар өз бойларының 174 сантиметр болғанын қалағанын жеткізген.

Ғалымдар мұнымен қоймай, адам бойы туралы тұжырым да жасапты. Олардың ойынша, ер адам бойы қаншалықты биік болса, соншалықты оңай өмір сүруге мүмкіндігі бар және әр істі де тындыра алады екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sky-radio.fm

А. Құлтай