Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Маймен жуыныңыз

Маймен жуыныңыз

Маймен жуыныңыз

Бетті өсімдік майымен жуудың көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, кез келген типтегі бет терісін жақсы тазартады; екіншіден, теріні кебуден қорғайды; үшіншіден, теріні жұмсақ, икемді, нәзік етеді.

Майды бетіңізге жағып, уқалап, сәл ыстықтау сумен жуып тастаңыз. Неге май теріге пайдалы? Біздің теріміз әрдайым май бөледі. Тіпті құрғақ терінің өзі тері май бездерінен кенде емес. Теріні тек сумен ғана жуып, біз қателесеміз, өйткені майды сумен кетіре алмайсыз. Ал майға маймен әсер етуге болады, яғни ерітіп, артығын кетіруге мүмкіндік туады.

Сумен жуынудың (көпіршіктер мен гельдерді пайдалансаңыз да) тағы да бір кемшіліктері бар. Біріншіден, көпіршік туғызатын барлық құрылғылардың құрамында химикаттар бар. Екіншіден, сумен жуыну кірленген терінің майлы бездерін толық кетіре алмайды, сол себепті терінің ұсақ тесіктері бітеліп, қара нүктелер пайда болып, бөртуі мүмкін.

Сіздің теріңізге қандай майлар пайдалы:

- жажоба майы барлық типтегі терілерге жарай береді, әсіресе жиі бөртетін терілерге аса пайдалы.

- тәтті бадам майын майлы теріге қолдануға болады;

- жүзім сүйектерінен жасалған май да барлық теріге пайдалы, әсіресе майлы теріге.

- авокадо майы құрғақ теріге, әжім түсе бастаған теріге пайдасы мол.

- күнбағыс дәнінің майы және зәйтүн майы барлық типтегі терілерге жарайды;

- өрік сүйегінің майы қалыпты теріге және құрғақ теріге аса пайдалы;

- арган майлары да барлық типтегі терілерге жарайды, әсіресе солып қалған теріні қайта қалпына келтіруге ықпал етеді. 

Сурет: maski-natural.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

5569 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 03 ақпан 2013, 14:19
Пікірлер
+0
03 ақпан 2013, 15:27

:? Мынау жаксы екен. А то гельдер беттi кургатып жiбереди кейде.

+0
03 ақпан 2013, 15:46

қой, сүтке түсіп алайын :)

+0
03 ақпан 2013, 15:46

Зәйтүн майы жақсы екен.

+0
03 ақпан 2013, 15:51

маған майды кетіре алмайтын сияқт ымын

+0
03 ақпан 2013, 21:19

зәйтүн майын жағып ыстық сумен жуып тастасан болғаны ма

+0
04 ақпан 2013, 08:26

кеңестеріңізге рахмет! байқап көру керек екен)

+0
04 ақпан 2013, 14:35

маймен бет жуу? қайдам?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...