Қымыздан биосабын жасалды

Қымыздан биосабын жасалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері қымыздан сабын даярлау жолын ойлап тапты.

Алматылық студенттердің айтуынша, олардың сабындары заманауи сабындардан артық болмаса, еш кем емес. Сабын қайнатпас бұрын студенттер түрлі сабын жасау жолдарымен танысып, 25 түрлі тәсілді қолданысқа алды. Сабын қайнату барысында құрамдас бөліктер бір-бірімен үйлесіп, нәтижесінде жақсы әсер береді. Сабын тек табиғи заттардан жасалынған, оның құрамына сүт, қымыз, тан, айран, кофе, түрлі өсімдік майлары кіреді. 

Қазір ерекше танымалдыққа ие болып жатқан сабын "Қысқы" деп аталады. Бұл антисептикалық сабынның құрамына түрлі емдік қасиеттері бар шөптердің қайнатпалары, зімбір және басқа да пайдалы компоненттер кіреді. Сондай-ақ құрамына кофе кіретін скраб сияқты сабын да бар. 

"Қазірде көптеген косметикалық заттар аллергия қоздырады. Бұның себебі - ішіне кіретін түрлі химиялық қосылыстар. Біз қол, дене, бет терісіне пайдалылы табиғи компоненттер іздедік", - дейді университеттің маманы, биологиялық ғылымдардың кандидаты Людмила Игнатова.

Оның айтуынша, бұл сабынға деген сұраныс өте үлкен. Сатып алушылар сабынға кіретін компоненттерді, оның пішінін, түсін, иісін, түрін таңдай алады. Тіпті сабынның бетіне жазу жазып, сурет қыстыруға да болады екен. Болашақта косметикалық құралдар топтамасын шығару жоспарлануда. Оларға түрлі лосьондар, кремдер, жуынатын сұйықтықтар кірмек. Олар сүт және басқа да табиғи заттардан жасалынатын болады.

Авторлардың айтуынша, сабын бизнесі әлі онша жақсы табыс әкелмеді. Қазірде студенттер спонсорлар іздеуде. Қолдан жасалынған табиғи сабындардың бағасы 300-700 теңге.

Сабынды қайнату жолымен мына жерде таныссаңыз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: tengrinews.kz

С. А