"Семіз елдердің" сегіздігі

"Семіз елдердің" сегіздігі

Бүгін біз оқырмандарды әлемнің сегіз "семіз елімен" таныстырмақпыз. Бұл зерттеу нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшілігімен 2000 - 2008 жылдары жиналған. 

1) Америкалық Самоа, 93.5 пайыз.

Тынық мұхиты жағалауындағы ежелгі халық бұрындары құрамы көмірсутекке толы, майы аз мөлшердегі өнімдер жеген. Кейінірек олардың тамақ жеу режимдері өзгеріп, күннен-күнге артық май жинай бастаған. Тұрғындардың 93.5 пайызы семіздікке ұшыраған олар "семіз елдердің" сегіздігін бастап тұр

2) Кирибати, 81.5 пайыз. 

1964 пен 2001 жылдар аралығында Кирибатиде жергілікті халықтың семіздікке ұшырау мүмкіндігі тым артқан. Олар тізімде екінші орынды иеленген.  

3) АҚШ, 66.7 пайыз.

1960 жылдардың басында семіз америкалықтардың саны жергілікті халықтың тек 24 пайызын ғана құраған болатын. Ал бүгіндері әр екінші және үшінші америкалық семіздік ауруымен ауырады. Күн сайын артық майы артып бара жатқан олардың басты мәселелерінің бірі де - осы.

4) Германия, 66.5 пайыз.

Немістердің семіздіктеріне себеп - майлы өнімді пайдалануы мен физикалық қозғалыстың жетіспеуі. Германия тұрғындары басқа елдердің халқымен салыстырғанда жұмыста отырып тамақтанады. 

5) Египет, 66 пайыз.

1960 жылдары Египет өз халқын азықпен толық қанағаттандыру мақтсатында көп мөлшерде қызыл ет, үй құстары, жүгері және сүт тағамдарынан өнім өндірді. 1980 жылдан бастап семіздікке шалдыға бастаған олар "семіз елдердің" сегіздігінде бесінші орынға жайғасты.

6) Босния және Герцеговина, 62.9 пайыз.

1992 жылдан 1995 жылға дейін созылған соғыс кезінде шылым шегу, ішімдік ішу және зиян тағамдарды тұтыну халықты ойсыратып жіберді. Кейіннен жағдайы түзелген тұрғындар салмағын арттыра түсті.

7) Жаңа Зеландия, 62.7 пайыз.

Жаңазеландық халықтың семіруіне негізі фактор - бала кезден теледидар алдында көп отыру екен. Олар тіпті физикалық жаттығу тұрмақ, уақытылы тамақ жеуден гөрі теледидарға қатты әуес.

8) Израиль, 61.9 пайыз.

Соңғы 30 жылдан бері израильдіктер семіздік ауруына жиі шалдығып келеді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: ria.ru

А. Әбілхан