Семіздікті емдеудің қарапайым да өнімді әдісі

Семіздікті емдеудің қарапайым да өнімді әдісі

Адамдардың тұтыну деңгейінің жоғарылауына байланысты семіздік медицина саласын алаңдататын ауруға айналып келеді. Адам денесіндегі май құрамы артқан сайын қан қоюлығы, қан қысымы, асқазан ауруларынан тыс психикалық ауруларды да тудырып отыр. Дәл қазірге дейін алдын алу шаралары, дәрі-дәрмектер қолданылғанымен нақты емдеу тәсілі табыла қойған жоқ деп айтуға әбден болады.

Семірген сайын қазыланып, дене сымбатын өзгертеді. Бұл жастардың әсіресе қыздардың ең алаңдайтын, өзекті мәселесі.

Германиялық мамандар «семіздіктің ең өнімді әдісі – қарапайым дағды қалыптастыру» дейді. Қызық та болса айтайық, бұл үнемі қазы байланып келе жатқан қарынды уқалау екен. Қарынға массаж жасап тұрғанда майды ыдырап, керіліп кеткен асқазан да бірте-бірте қалыпқа түседі екен.

Оның әдісі: төсекке шалқалап жатқан соң тәңертең немесе кешкі ұйықтар алдында екі алақан мен оңды-солды кезек-кезек қатты басып, он реттен артық уқалау. Бос уақыт бола қалғанда осы әдетті жалғастырып тұру. Астан кейін ас қортылар кезде де жалғастыру.

Бұл асқазан, қарын, ішек қызметін жақсартып, тамақтың толық қорытылуына септігін тигізеді. Уқалау барысында қарындағы, ішектегі май ыдырайды. Бұдан сырт рухты серпілтіп, сери түседі, ұйқыны жақсартады. Тек бір мезет қана емес, бірнеше ай, тіпті, жыл бойына әдетке айналдырған жөн. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: xinhuanet.com

Қ. Қауымбек