Арзан әрі сәнді киіну үшін...

Арзан әрі сәнді киіну үшін...

Әлдебір сән журналын ашып қалсаңыз, бірден қыздардың киімдеріне қызығып, "Шіркін, мен де осылай киінсем ғой" деп армандап кететініміз анық. Жалақымыз тек сол журналдағы модельдің түймесіне ғана жетеді-ау деген ой келген кезде, бірден көңіл-күйіміз түсіп кетіп, арман арман күйінде қалып қояды. 

Дегенмен, арзан әрі сәнге сай киінуге болады екен. "Қалауын тапсаң, қар жанар" демекші, киінудің де көзін тапсаңыз болғаны. Кәдеңізге жарар деген ниетпен үш кеңес ұсынамыз:

1. Аксессуарға басымдық беріңіз, бұл киімнен де маңыздырақ болуы керек.

Аяқ киім, сөмке, белдік, әшекей сияқты аксессуарларды талғаммен таңдаңыз. Джинсы мен ақ жейдені стильді сөмке, әдемі белдік, сапалы әшекеймен бірге сырт көзге стильді қылып көрсетуге болады. 

2. Ақшаны тек бір мезгілде ғана емес, біраз жыл киюге болатын киімнен аямаған жөн. Олар пальто, плащ, дубленка, шуба сияқты киімдер. 

3. Бір уақытта біраз киім сатып алмаңыз, бір-бірден гардеробыңызды толықтырып отырыңыз.

Өзіңізде бар киіммен киюге болатын жарасымды киімді бір-бірден сатып алып отырыңыз. Бесінші джинсы, үшінші қара жейде... Осындай киімдерден жалыққан шығарсыз? Киімнің әртүрлілігі образыңызды аша түседі. 

"Адам көркі шүберек". Әдемі киіммен сұлу да сымбатты болып жүріңіз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

М. Оңғарова