Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Тау шаңғылық демалысқа қажетті косметика

Тау шаңғылық демалысқа қажетті косметика

Тау шаңғылық демалысқа қажетті косметика

Тауға шаңғы тебуге аттанбас бұрын, онда қажет болатын косметикалық құралдарды біліп алыңыз. 

Термалды су

Таудағы ауа құрғақ келеді, сондықтан теріңіз құрғап, қабыршақтанып кете алады. Бұдан сақтану үшін бетіңізге термалды су шашып тұрыңыз.

SPF көрсеткіші бар крем

Таудағы күннің әсері жағажайдағы күнмен бірдей. Сондықтан міндетті түрде SPF 20 қоректендіргіш кремін жағыңыз. Осылайша таудағы жел, аяз, ультрафиолет сәулелерінен қорғанасыз. 

Ылғалдандырғыш түнгі крем

Күні бойы таза ауада спортпен белсенді түрде айналысқаннан кейін, теріңізге ылғалдандыру қажет. Түнгі крем ерекше ылғалдандырғыш, теріні қалпына келтіретін болсын. Кремнің орнына белсенді компоненттері бар сарсу таңдасаңыз болады.

Ерінге арналған бальзам

Оны күртешенің қалтасына салып, күні бойы жағып жүріңіз. Бальзамның құрамында гиалурон қышқылы болғаны дұрыс. Далап пен ерінге арналған жылтырлардан осы жолы бас тартыңыз, олардың құрамында спирт, ментол, глицерин болады, ал бұл құрамдас бөліктер онсыз да құрғақ ерін терісін құрғатады.

Қол кремі

Суық жел мен аяз қол терісін құрғатып жібере алады. Нәтижесінде тері қабыршақтанып, жарылады. Күні бойы қолғап киіп жүрсеңіз де, қолға қоректендіргіш кремін жағып жүруді ұмытпаңыз.

Аяққа арналған крем

Тауда шаңғы теуіп, қар атысып ойнайсыз. Бар салмақ аяққа түсіп, бұл күні ерекше шаршайтын боласыз. Сол себепті ісікті, шаршағанды басатын аяққа арналған қоректендіргіш крем қажет болады. 

Хош иісті душқа арналған гель

Иісі сергітетін душқа арналған гель қуат беріп, сергітеді. Көңіліңізді көтеріп, тауларды бағындыруға рухтандырады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: ziza.qip.ru

1780 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 15:15
Тегтер: сымбат, тау, шаңғы,
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 15:23

Тауға шығу үшін де косметика керек пе?

+0
10 қаңтар 2013, 15:47

менде соны ойлап отырмын) 1-2 күнге болмаса

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...