Әйел сұлу көрінер...

Әйел сұлу көрінер...

Сұлулық - әйелдің бақыты, бағалай білмесе соры

Мақал

Әйел дегеніміз - сұлулық. Өйткені, әлемнің бар асылын, үлдесі мен бүлдесін оранатын - осы нәзік жанды қауым. Ойланып көріңізші? Жігіттерге қанша аксессуар бар? Қыздарда қаншау? Сондықтан әйелдің сұлу болмауға құқы жоқтай. Дегенмен, "сұлулық" деген ұғымның өзі бір шеңберге сыйып, шырмалып қалады екен. Өйткені, әр заманның өз сұлуы бар. Ол заманның сұлуы бұл заманда сұлу боп саналмауы да мүмкін. Бұл тұжырымға сұлулық ұғымын әр ғасырға жіктей отырып, көз жеткіздік:

Антика сұлулығы

Әйел сұлулығының идеалы ретінде Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің тұғырдағы Құдайлары саналды. Бүгінгі көзқараспен қарасақ, тұғырдағы Афродита мүсіні кішкене толықтау көрінер еді. 

Орта ғасырдағы сұлулық

Орта ғасыр сұлуларының іштері кішкене шығыңқы келетін. Қыздар іштерін солай көрсету үшін арнайы жастықты да пайдаланған екен. Тұтастай мүсіндері нәзік, беттері бозғылттау болса, сұлу деп саналған. 

16 ғасырдағы сұлулық

1503-1505 жылдар шамасында салынған атақты Мона Лизаны көріңіз де, сол ғасырдағы әйелдің сұлулығын бағамдаңыз.

 
17 ғасырдың сұлуы

Төс пен иыққа мән беріліп, белдің қылдырықтай болуы қадағаланған. Сондықтан корсеттер кең етек жайған. Бет әлпеті аққұба, еріндері қызыл әйелдер әдемі деп есептелген. Қолдан мең салу да көркемдіктің белгісі санала бастаған. 

18 ғасырдың сұлуы

Етжеңді әйелдер сұлулық символына айналды. Сәнге биік шаш үлгілері еніп, париктер қолданылды. 

19 ғасыр сұлуы

19 ғасыр сұлулары беттерін күннен көлегейлеп, ақсүйектерге тән ақтығын сақтауға тырысқан. 

20 ғасыр сұлуы
20 ғасыр сұлуы осындай болған деп қадап айту қиынырақ. Неге десеңіз, ғасыр басында қысқа шашты, етжеңді әйелдер сұлу болып саналса, ғасырдың екінші жартысында әйелдердің жаппай арықтауы етек алды. Жыл өткен сайын әйелдер арық әрі ұзын бола бастады.

21 ғасыр сұлуы

Бүгінде 90:60:90 ұғымы пайда болған. Хас сұлулардың дене бітімі арнайы сандарға сәйкес болса ғана, сұлу деп қабылданады. Біздің заманның сұлулық символдары деп Айшвария Рай мен Анджелина Джолиді айта аламыз. 

Дегенмен, "қыздардың бәрі сұлу" деген де бар. "Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді" деп Мұқағали атамыз жырлап кеткен. Күнделікті өмірде сұлу да сүйкімді болып көріну үшін не істеу керектігін де қоса ұсынамыз:

  • дене мүсініне күтім жасай алу;
  • талғамның биіктігі: табысыңыз қандай болса да, әдемі киіне алу;
  • ұқыпты шаш үлгісі;
  • әдемі иіс;
  • бет, шаш, тырнақтың ұқыптылығы, тазалығы;
  • әдемі күлкі;
  • сабырлы сөз;
  • махаббат пен мейірім; сүйе білу.

Сурет: visagistprofi.ru, vk.com

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова