Теріге арналған хош иісті майлар

Теріге арналған хош иісті майлар

Косметолог мамандар ең пайдалы деген 6 хош иісті майларды ерекше атап өтеді. Олар теріңіздің саулығы мен сымбаттылығын сақтауға көмектеседі.

Өрік майы тері майының орнын толтырып, теріні сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.

Авакадо майы ұсақ әжімдердің тартылуына ықпалын тигізіп, теріні ылғалдандырып, қоректендіреді.

Базилик майы теріні тыныштандырып, бет пен мойын бұлшық еттерінің босаңсып демалуына көмектеседі.

Грейпфрут майы жасушалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді. Теріні сергітіп, майдың тым көп бөлінуімен күреседі, сол себепті оны майлы теріге қолдануға кеңес береміз.

Жожоба майы теріні жақсы ылғалдандырып, құрғағаннан сақтайды. Тым құрғап кеткен, қабыршақтанған теріні емдей алады. 

Какао майы шаршаған кездері көмекке келе алады. Оның жұмсарту мен тыныштандыру қасиеті құрғаған теріні ылғалдандырып, иісі бойыңызды сергітеді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosozo.com

С. А