Мицеллярлы су деген не?

Мицеллярлы су деген не?

Бүгінде бет терісін тазартатын демакияж құралдары өте көп. Соларға жататын мицеллярлы су косметика саласындағы жаңалық болды.

Қазіргі макияж кетіретін сұйықтықтардың кейбірін сумен қосып пайдалану керек. Басқалары май негізінде жасалады. Ал жаңа түрлері тіпті сумен жууды талап етпейді. Мицеллярля су соңғысына жатады.

Мицеллярлы су - суға ұқсас, бірақ құрамында сілті мен белсенді заттар жоқ, майлы қышқылдардың мицеллаларынан тұратын сұйықтық. Май мицеллаларының кір, шаң-тозаң мен макияж қалдықтарын магнит сияқты тартып алу қасиеті бар. Мицеллярлы судың түсі, иісі болмайды, алайда ол тіпті қара фломастердің ізін оңайлықпен өшіреді.

Әу баста мицеллярлы суды тері ауруларына (псориаз, экзема, дерматит) шалдыққан науқастарға қолданған. Бірақ көп ұзамай бұл сұйықтықтың қасиеттері баршаға танымал болды. Көп ұзамай оны сәбилердің терісін тазартуға, терісі нәзік адамдар қолдана бастады.

2

Әдеттегі теріні жуатын гельдерді сумен көпіршітіп қолдану керек. Макияж сүртетін крем сияқты сұйықтықтардан кейін де майдан бетті тазартқың келіп тұрады. Ал құбыр суынан кейін бет терісі құрғап, қабыршақтанып кететіні баршаға таныс. 

Теріні мицеллярлы сумен тазартқанда кәдімгі суды мүлдем қолданбасаңыз болады. Бұл құралдан кейін тері құрғамай, тартылып тұрмайды. Терінің толықтай тазарғанын сезінесіз. Ол жұмсақ әсер етеді, алайда ең тұрақты деген косметиканы оңайлықпен кетіреді. Жиі жағдайда бұндай судың құрамына теріні тыныштандыратын, ылғалдайтын заттар да қосады.

Мицеллярлы қолдану қиын емес. Мақтаны мицеллярлы суға матырып, бет терісін, көз маңындағы теріні ақырындап сүртіңіз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmohit.ua

С. А