Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шашты ұштанудан сақтаңыз

Шашты ұштанудан сақтаңыз

Шашты ұштанудан сақтаңыз

Қыстың қатал ауа-райы шашымыздың саулығына әсер ете алады. Ал шаштың ұштары аяздан көп зақымданады. Оларды емдеудің қандай жолдары бар?

Шашыңыздың ұштары түсін өзгертіп, ұштанып, бөлініп, жұқарып жатса, оларды емдейтін кез келді деген сөз. Оларға саулық пен табиғи жылтырын қайтарыңыз.

Сарсу (сывортока)

Аязда қалған шаш ұштары құрғап, "сына" бастайды. Сондықтан оларға ерекше қатты ылғалдандыру беріп, оны сақтап қалу керек. Бұл қызметті сарсу орындай алады. Олар шаштың ұштарын жылтырлатып, жұмсақ қылады. Ол үшін бірнеше тамшысын ғана қолдансаңыз жеткілікті. Сарсуды құрғақ не дымқыл шашқа қолдануға болады. Шашқа ең пайдалы E және F дәрумендеріне бай сарсу түрлерін таңдаған дұрыс. Құрамында силикон бар сарсулар да өте пайдалы болады.

Маскалар

Аптасына кем дегенде бір рет шашқа маска жасау арқылы сіз шашыңызды жұмсақ және сау қылып сақтайсыз. Сондай-ақ маскалар шаш ұштануының алдын алады. Айта кетсек, арнайы шаш ұштарына арналған маскалар да болады. Оны шаш жуғанға дейін құрғақ шашқа жағып, артынан сусабынмен жуып тастайды. 

Майлар

Шашқа арналған майлар - пайдасы мол нәрсе. Әсіресе оның әсерін қыста көре аласыздар. Қыстағы температуралардың ауысуына қоса шашты фенмен кептіреміз, түзулетеміз. Осы кезде термотұрақты майларды қолданған жөн. 

Бальзам

Қыста зақымданған шашты артық тарау да қауіпті болмақ. Сондықтан оған алдын ала қорғайтын бальзам жағып, қорықпастан тараңыз. Ол кондиционер, бальзам, спрей түрінде болуы мүмкін. Бастысы мақсаты - шашты зақымдаудан қорғау. Бұндай бальзамдардың тек шаш ұштарына да жағатын түрлері болады. Оларды жаққан сәтте шашыңыздың ұштары жылтырап, қалағаныңыздай жатады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: dohow.info

5062 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2012, 14:52
Тегтер: шаш, ұштану, күтім,
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2012, 17:11

Шашымды жаңа жылдан қолға алмасам, ұшталып кетті

+0
04 қаңтар 2013, 01:07

Ұшталған ұштарын кестіріп тастадым, 15 см-ге дейін қиып тастауға рұқсат бердім шаштаразға. Енді емдік әрекеттер жасамасам 3 аптадан соң тап сол жерге барып тағы қидыру керек болады (((

+0
16 ақпан 2014, 14:31

менин шашым оспейди :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...