Ваннаның пайдасы

Ваннаның пайдасы

Қазіргі суық күндері үйге келіп жылынудың бірден-бір амалы - ыстық ванна қабылдау. Бұл дауаның сырларын білсеңіз, суға түсу арқылы жылынып қана қоймай, денсаулығыңыз бен сымбатыңызға пайдасын тигізе аласыз.

Ваннаға түсу ауыр күннен кейін күшті қалпына келтіре алатын дауалардың бірі. Оны түрлендірудің амалы, ваннаға түрлі иіс беруші заттарды қосу. Мысалға ваниль, ақгүл (жасмин), лаванда иістері шаршаған кезде көмектессе, шалфей, алма, бергамот иістері бойыңызды сергіте алады. Хош иісті майларды ваннаға қосуға болады не осындай иісті косметикалық құралдар қолданып, иісі бар шырақ жақсаңыз болады.

Душ қабылдау ваннаны алмастыра алмайды. Заманауи адам шомылғанда ваннаға қарағанда душқа түсуді таңдайды, себебі оның артық уақыты жоқ. Алайда ванна денені жақсырақ тазартып, жұмсартып, өлі жасушалардан арылтады.

Ыстық ваннаға қарағанда жылы душ жақсы көретіндер көбінесе ваннада тым ысып кететінін сылтауратады. Ваннаға бірден бас салып жатпаңыз. Денені суға үйретіп, біртіндеп кіріңіз. Егер судың температурасы 37 градустан жоғары болса, толығымен судың астына жатпай, жүрегіңіз суда болмайтындай етіп, кеудеңізді судың бетінде ұстаңыз. Сонда жүректің соғысы жиілемей, басыңыз ауырмайды.

Ваннаны тым жиі қабылдау пайдалы емес. Суда болған тері май қабатын жоғалтып, құрғайды. Сондықтан ванна қабылдағаннан кейін теріні ылғалдандыру жайлы ұмытпаңыз. Ол үшін ванна суына бірнеше тамшы эфир майларын қосуға болады. Сондай-ақ ваннадан кейін бүкіл денеге крем жағуды әдетке айналдырыңыз.

Ваннаға өзіңізбен бірге скрабтар мен маскалар алыңыз. Буланған бетіңізге косметикалық дауалар тиімдірек болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: nazametkyvsem.ru

С. А